«Батыр арулар» байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталуда

Бүгін 25 наурызда ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасымен өткізіліп жатқан және Қазақстандағы әскери қызметті дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Батыр арулар» қыз-келіншек әскери қызметшілер арасындағы екінші байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталуда.

Байқау шеңберінде қатысушылар өздерінің сыртқы кескін-келбетін көрсетіп қана қоймай, қаруды шебер қолданатынын, дене даярлығын көрсетуі тиіс.
«ҚР Қарулы Күштерінде лайықты әйел әскери қызметшілердің саны жетіп артылады. Бұл байқау күнделікті тыныс-тіршілігіміз, күн сайынғы қызметіміз бен жауынгерлік әзірлігіміз туралы баяндап беруге мүмкіндік береді», - дейді қатысушылар.
Бүгінгі таңда ұйымдастыру комитетіне еліміздің түкпір-түкпірінен 200-дей өтінім келіп түсті. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін конкурсанттардың сауалнамалары ҚР Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz. ресми сайтында орналастырылады, содан кейін ашық дауыс беру басталады. Екінші кезеңде 2016 жылғы сәуірдің 1-і мен маусымның 15-і аралығында өтетін халықтың дауыс беруі арқылы қазақстандық армияның он екі үздік өкілі анықталатын болады.
Байқаудың мақсаты – Қазақстан әйелдерінің әскери қызметтегі оң имиджін қалыптастыру, әскери кәсіптің беделін арттыру болып табылады. Осы жылы байқау қатысушылары арасында әртүрлі әскери кәсіп иегерлері. Атап айтсақ, Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері, ҚР ҚМ АОСК-ның спортшы қыздары мен тағы басқалар.
2015 жылы өткізілген ҚР ҚК әйел әскери қызметшілері арасындағы тұңғыш республикалық байқауға қазақстандық армияның өкілдері қатысқан болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен өтінім жолдаған 123 қатысушының фотосуреттері мен жеке сауалнамалары ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында орналастырылды және бір жарым ай бойы ғаламтор пайдаланушыларының дауысын жинады. Қырық күндік онлайн дауыс беру нәтижесінде конкурсанттарға өте көп, яғни, 255 725 дауыс берілді. Байқау қазақстандықтардың арасында ғана емес, сонымен бірге өзге елдердің тұрғындары арасында да қызығушылық туғызды. Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия және Үндістанның пайдаланушылары белсене атсалысты. Нәтижесінде бірталай сынақтардан мүдірмей өтіп, жауынгерлік әзірліктерін, төзімділіктері мен күш-жігерлерін паш етіп, Қазақстан Қарулы Күштерінің лайықты өкілдері болып табылатынын дәлелдеген 12 жеңімпаз анықталды. Соңында әйелдерді кәсіби стилистердің әрлеуі мен «Батыр арулар» байқауының әр жеңімпазы жеке парақты ажарландыра түсетін мамандандырылған күнтізбеге арналған фотосессия күтіп тұрды. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста