Басты міндет – халыққа сапалы қызмет

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіру, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету ісін қадағалау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру – бұл Елбасының тапсырмасы.
Соған сәйкес, тосқауылсыз қызмет көр­сету, интернет желісі арқылы кезекті брон­дау, шалғай елді мекенде тұратын тұр­ғындардың мемлекеттік қызметке қол­­­­­жетім­ділігін қамтамасыз ету жұмыстары – басты назарда. Бүгінгі таңда еліміздің әр­бір азаматы www.egov.kz веб-порталы арқылы тәуліктің кез келген уақытында, еліміздің, тіпті әлемнің кез келген нүк­те­сінен өтініш беруге, анықтама алуға, салық немесе айып­пұл төлеуге мүмкіндік алып отыр. Небәрі 10-15 минут ішінде мекен­жайлық анықтама, зейнетақы аударым­дары туралы жазба алу, коммуналдық қызметтерді тө­леу, баланы балабақшаға кезекке қою, дә­рігер қабылдауына жазылу сияқты қызмет түрлерін пайдалана алады. Сонымен қатар некені тіркеуге өтініш беру, «бала туу» ком­позиттік қызметін пайдалану сияқты ерек­ше жағдайларға арналған қызметтер де бар. Әрбір пайдаланушы өзіне қажетті қызметті таба алады: жүр­гізушілер – ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұл тө­лей алады, ата-аналар – балаларын білім беру меке­ме­леріне бере алады, ал кәсіп­керлер – өз бизнесін тіркей немесе салық төлей ала­ды. «Электрондық үкімет» порталын пайдаланушылар үшін 126 ин­терактивті және транзакциялық қызмет ұсынылады. Олардың қатарына 84 мем­лекеттік қызмет пен сервис, мемлекеттік алымдардың 21 түрін, мемлекеттік баждың 16 түрін төлеу, төрт салық төлемінің түрін, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлеу жатады.
«Электронды үкімет» – ақпараттық тех­но­логиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ мемлекеттік ор­гандардың өзара әрекет­тестігінің бір­ыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құ­жат­­тарын тағы басқаларын алуды жеңіл­детуге әрі жылдамдатуға  мүмкіндік берген де – дәл осы механизм.
Б.ҚОРЖЫНБАЕВ, Алматы қаласы ХҚКО РМҚ филиалы Жетісу ауданының бөлім бастығы міндетін атқарушы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста