Балгерсымақтар халықты қалай алдайды?
Өскемен қаласында балгер әйелдердің алаяқтық әрекеттері жиіледі. Олар инені уксусқа батырып алып, адамның қолында қарайып кеткеннен кейін оны "дуалап тастаудың" дәлелі ретінде көрсетіп жүр, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы YK-news.kz порталына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне осы сипаттағы арыз-шағымдар көптеп түсе бастады. "Балгерсымақтар "дуалаудың" бар-жоғын ине арқылы анықтайды. Бірақ оны алдын ала уксусқа батырып алады. Сосын ол инені клиенттің алақанына салып, біршама уақыт қолда қысып ұстауға кеңес береді. Ал алақанның ішінде қандай химиялық процесстердің болып жатқанын ешкім білмейді. Балгерлер оны айтпайды да. Шын мәнінде, уксус пен тер реакцияға түседі де, соның нәтижесінде ине қарайып кетеді, я болмаса, оны тот басып қалады", - дейді облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Батырбек Аяғанов.
Статистикаға сәйкес, осы іспетті алаяқтық қылмыстардың көбейіп кетуіне халықтың аңқаулығы себеп болып отыр. Алданған адамдардың көбісі - егде жастағы кісілер. Өкінішке қарай, бүгінде қылмыстардың нақты саны белгісіз.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу