Баланың басына күріш шашқан ырым пікірталас туғызды
Әлеуметтік желіде тағы бір ырымның видеосы тарап, жұртты таң қалдырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода нәрестенің үстіне күріш шашып, баланың тістері ауыртыпай шықсын деп ырымдап жатқаны көрсетілген.
Ұмыт болған бұл ырым түрлі пікірталас туғызды.
«Көшіп келген оралмандадың бәле ырымдары ғой», «Ойдан неше түрлі шығара бермендерші. Күріш қайда, бала қайда, тіс қайда? Еш қатысы жоқ», «Өлген адамға ғана қолынан сыртымен құяды. Оңынан құйған дұрыс», «Тісі шықпай жатқан балалардың төбесінен тары құяды», "Негізі бірінші көруім ,үлкен кісілер айтатын тіс шығып жатыр деп айтпаңдар, Ақмаржан жарып жатыр деп түкіріңдер ,сосын қай тісі шығып жатыр деп үңіле бермеңдер,бала мазасыздана береді" - деді желі қолданушылар.