Байқоңырдағы әлеуметтік проблемалар шешімін таба ма?

Байқоңырдағы әлеуметтік проблемалар шешімін таба ма?

Елу жылдан астам уақыт бұрын қазақ жерінен ғарыш кемесі көкке көтерілді. Сол тұста қазекем де оны мақтаныш тұтты. Қазақ топырағы аспан әлеміне әрлі-берлі жол салған алып техниканың алтын қазығына айналды деп мақтан еттік. Одан бергі заманда көп нәрсеге көзіміз ашылды, зырылдап ұшқан зымыранның залалы бар екенін ұқтық. Бұл дерек қолымызға 90-жылдардың басында тиді. Осы кезеңде Байқоңырға қайтадан қазақ жеріне өтіп, оны орыстарға ұзақ мерзімге жалға берген болатынбыз. Қазақстан мен Ресей басшылығы ғарыш айлағын пайдалану жөнінде қол алысып, бәтуаға келді. Өкінішке қарай, сол кезде біздің еліміздің мүддесі көп ескеріле қоймапты. Оны біз кейін білдік. Олқы тұстардың әлі күнге дейін қиындығын көріп жүрміз. Атап айтқанда, Байқоңыр қаласындағы қазақстандық азаматтардың әлеуметтік проблемалары қазір өзекті тақырыптың біріне айналып отыр.

Зейнетақы төлеудегі ағаттық
Ғарыш қақпасы атанған шаһардан таяқ тастам жерде Ақай және Төретам елді мекендері тұр. Жаяу адамның өзі бес-он минутта Байқоңырға жетіп ба­рады. Ауыл адамдарының арасында ре­сейлік мекемелерде еңбек етіп, нәпа­қа тауып жүргендер жетерлік. Алайда бей­нет­тің зейнетін көретін тұста олар көп­теген түйткілге кезігіп жүр. Себебі ресейлік мекемеде жұмыс істеген қазақ­стандыққа зейнетақы көрші елдің заңы бойынша берілмейді. Мә­селен, зей­нетақы тағайындау бары­сын­да қажетті құжаттағы жалақы мөлшері орыс ақша­сымен көрсетіледі. Ол анық­тама біздің әлеуметтік мекемелерде қа­был­дана қоймайды. Осының сал­да­рынан қан­шама жыл бойы Бай­қоңырда жұмыс істеген адам еріксіз әуре-сарсаңға түсуге мәжбүр. Біздің маман­дардың айтуынша, ресейлік меке­ме­лерде еңбек еткен Қазақстан аза­ма­тының жала­қы­сынан біздің еліміздің зейнетақы жинақтаушы қорларына бір тиын да төлем түс­пейді. Сондықтан біздегі әлеу­меттік мекемелер оларға ең төменгі дең­гейде зейнетақы та­ғайын­дауға мәжбүр болады. Оған басты себеп ретінде қажетті құжаттағы жалақы мөл­ше­рінің орыс ақшасымен көрсетілуі болып табылады.
Екі мемлекеттің үкіметтері арасында 1996 жылдың 27 сәуірінде қол қойылған «Бай­қоңыр қаласы тұрғындарының зей­нетақы құқығына кепілдік туралы» ке­лі­сіміне сәйкес, қай елдің азаматы екеніне қарамастан, зейнетақымен қамтамасыз ету Ресей заңымен жүргізіледі. Алайда іс жү­зіне келгенде басқаша жағдай қалып­та­сып отырғаны жергілікті жұртты қын­жыл­тады.
Көп жылдар бойы көршілес елдің құ­зы­рындағы мекемеде қызмет етіп, зейнет жасына келгенде ауыз тұшымайтын ақ­ша­ны қанағат ету кім-кім үшін де оңай емес. Осы тұрғыда бірнеше мәрте мәселе кө­те­ріл­ді. Дегенмен бүгінгі күнге дейін өз шешімін таба алмай келеді.

                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Ауырмайтын жол ізде...
Осындай жағдай қаланың денсаулық сақтау саласында да кездеседі. Бай­қо­ңыр­да Ресейге қарасты емдеу орындары бар. Олар өз елінің заңдарына арқа сүйейді. Осыған байланысты тағы бір қиындық туын­дап отыр. Көрсетілген қызметтің сапа­сын сараптаған мамандар бірқатар келіс­пеушілік бар екенін айтады. 2009 жылдың 17 қарашасында «Ресей Федерациясы жал­ға алған Байқоңыр қаласы мен Төре­там стансысы, Ақай елді мекеніндегі тұр­ғындарға медициналық көмек көрсету туралы» Қазақстан және Ресей үкіметтері арасында келісім жасалған. Онда көр­сетілгеніндей, халыққа көрсетілетін меди­циналық қызмет Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының заңнамаларына сәйкес, тегін ме­дициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде ғана төленеді.
Осыған сәйкес екі елдің Денсаулық сақтау министрліктері арасында келі­сім­шарт жасалған еді. Осыдан екі жыл бұрын біздің еліміздің Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі өмі­рімізге енді. Осының салдарынан пси­хикалық, инфекциялық аурулар, тубер­кулез, әскерге шақыру кезіндегі тексерулер тегін қызмет көрсетілетін тізбеге кірмеген. Осындай дәйекті көлденең тартқан ре­сей­лік дәрігерлер аталмыш ауруларды ем­деу­ге келгенде кежегесі кейін тартады.
Осы орайда өткен жылы Парламент Сена­тының депутаты Мұхтар Мұхамедов екіжақты жасалған келісімшартқа өзгерту енгізу қажеттігіне тоқталған еді. Сенат депутаты:
– Байқоңыр қаласындағы меди­ци­на­лық мекемелердің қазақстандық аза­мат­тардың психикалық, жұқпалы аурулар мен туберкулезбен сырқаттанған жандардың денсаулығын тексеру кезіндегі шы­ғын­дарын жабу кезінде республикалық бюд­жет­тен Қызылорда облысының бюджетіне нысаналы трансферттер бөліну қажет. Тө­ре­там, Ақай елді мекендері тұрғындарына Байқоңыр қаласының жедел жәрдем ме­ке­мелерінің қызмет жасауын ұйым­дас­ты­руы­мыз тиіс, – деген еді.
Коммуналдық қызмет бағасы қымбат
Байқоңырдағы түйіні тарқатылмай жүрген мәселелердің бірі – әлеуметтік өтемақы. Бұл бағытта да 1998 жылдың 22 желтоқсанында келісім түзілген. Онда ерек­ше жағдайда өмір сүріп, жұмыс істеп жат­қан адамдар жоғарыда аталған жәр­демақыға қол жеткізе алады. Оған ғарыш­ты қалада өмір сүретін жұртты әлеуметтік қорғау шаралары, еңбекақы төлеудегі және мемлекеттік қамсыздандыруға бай­ла­нысты жеңілдіктер кіреді. Осыған бай­ланысты қала әкімшілігі Ресей заңдарына сәй­кес, қалада тұратын көрші елдің аза­маттарына әлеуметтік қолдау мақсатында отба­сылары мен балалардың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін қаржы бөліп отыр. Өкініштісі, мұндай қолдау біздің аза­мат­тарға жасалмайды. Қаладағы ком­му­нал­дық қызмет тарифтері Қызылордадан біршама жоғары. Азық-түлік бағасы да қал­таға олқы түсіреді. Қысқаша айтқанда, Бай­қоңыр қаласындағы күнкөріс деңгейі Қызыл­орда облысында бекітілген нормадан екі еседей жоғары болып отыр. Ғарышты шаһардағы Ресей азаматтары бізді­кілерден көтеріңкі жалақы алатынын ескерсек, олар бұл жөнінен ешбір қинала қой­майды. Ендеше, айлық мөлшері төмен­­деу біздің азаматтардың ком­му­нал­дық қызмет ақысын төлеуге келгенде қиналып қалатыны жасырын емес.
Байқоңырдағы әлеуметтік проб­ле­ма­лар жайында талай айтылды. Бұл тақырып мерзімдік басылым беттерінде де жиі-жиі басылып жатыр. Өкінішке қарай, сол мә­селелер әлі күнге шешімін таппай келеді. Жалпы, екі елдің арасында келісім жасау бары­сында біздің ел азаматтарының мүд­десі ескерілмей қала беретіні неліктен? Қа­зір Байқоңыр қаласында тұратын 59 мың тұрғынның тең жартысынан астамын Қазақ­стан азаматтары құрайды. Ендеше, қаншама адамның түйткілді түйінін тарқата алмай әбігерге түсіп жүргенін аңғару қиын­ға соқпас...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста