Байқоңыр қай елдің қаласы?

Байқоңыр қай елдің қаласы?

Қазақ жерінде қоныс тепкенімен, Байқоңыр қаласы өзге елдің заң-зәкүнімен жүреді. Расында, жер кіндігінде орналасқан ғарышты шаһарды ресейліктер билеп-төстейді десек артық емес. Онда тұратын қазақстандық азаматтар ол жерде өз елінің заңымен тірлік ете алмай дал. Қазір бұл қалада мекен етіп жатқан жергілікті кәсіпкерлер осындай алалаудың залалын көріп жүрген жайы бар.
Жергілікті жұртты сыртқа тепкен ресейліктердің көздегені не? Рас, қала қатаң тәртіппен күн кешеді. Әйтсе де ондағы қазақстандық халықтың құқығын шектеуді қалай түсінуге болады? Қайсыбір жылда­ры қол қойылып, мөр басылған құжаттарда бұл мәселе жеткілікті түрде қаралмаған көрінеді. Айна­лып келгенде, ол орта және шағын бизнес өкіл­дерінің ортақ мақсатпен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға кедергісін келтіреді. Ғарыш кеше­нін жалға алу шартында Қазақстан және Ресей үкі­меттері жергілікті инфрақұрылымды дамыту ба­ғы­тында екі тараптың келісімімен шетелдік инвес­торларды тартуға болатыны тайға таңба басқандай көрсетілген. Өкінішке қарай, Байқоңырды жеке меншігіндей көретін ресейліктер оны сақтауға құлықсыз. Бұл уағдаластықтың мүмкіндігі таразы басын тең басып тұрған жоқ. Бір сөзбен айтқанда, қала әкімшілігі Байқоңырға сырттан жан баласын жолатпай, қызғыштай қорумен әлек.
Екі елдің арасындағы құжатты дайындаған азаматтар ескермей қалған тұстар осы. Мәселен, Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы келісімде біздің еліміздің кәсіпкерлікпен айналысып жүрген жеке тұлғалары қалалық әкімшілікке барып тіркеледі. Осының нәтижесінде жұмысын Ресей заңымен жүргізеді. Аталған ке­лісімде кәсіпкерлерден түсетін әртүрлі төлемдер мен басқа да салықтар қаланың қаржы қазанына құйылатыны айтылған. Жергілікті атқарушы билік осыны алға тартады. Кәсіпкерлерге лицензия беріп, тұрақты тіркеуге алатын қазақстандық Әділет басқармасын осындай желеумен жауып тынды. Осындай жағдайлар ре­сейліктердің өкілеттіліктерін арттыра түсті. Тіпті біздің еліміздің тарапынан жұмыс жасап жатқан мемлекеттік ор­гандар мен кәсіпорындар салығын да қала бюджетіне қақшып алуды қолайлы көреді. Бұл мәселе талай талқылаудан өткен. Бірақ нақты ше­шім қабылданған жоқ.
Осыдан бес жыл бұрын Байқоңыр қаласында екі ел арасындағы ынты­мақтастық жөніндегі үкіметаралық комис­сияның Байқоңыр кешені бойынша кіші комиссиясының отырысында атал­ған мәселе талқыға түсті. Сол кездегі Парламент Мәжілісінің депутаты Ұзақ­бай Қараманов ел Үкіметіне сауал жолдаған. Оған жолданған жауапта дау-дамай кәсіпкерлер мен қала әкімшілігі басшылары арасында қалыптасқан түсініспеушілік салдарынан болып отыр­­ғаны айтылған. Бұл жайдан кейін Бай­қоңыр қаласының әкімшілігі 2007-2009 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдауға арналған бағдарлама қабылдап, халықтың күнделікті тұрмысына қажетті өнім ұсынатын кәсіпкерлердің қатарын көбейтеміз деп ант-су ішкен-ді. Алайда одан біздің қазақстандық кәсіпкерлер ешқандай шарапат көрмепті. Әңгіме тек сөз жүзінде қалған секілді. Аты-жөнін атамауды өтінген бір азамат мұндай шараның қабылданғанынан мүлдем хабар­сыз екенін жасырған жоқ.
Ал қазір жергілікті кәсіпкерлер амалсыздан қаламен іргелес жатқан Төретам кенті мен Ақай ауылында өз істерін жүргізуге мәжбүр болды. Осының салдарынан олар Қармақшы ауданының құзырлы орындарында қайта тіркелді. Кейінгі жыл­дары ат­ал­ған ел­ді мекен­дерде кәсіп­кер­лік ны­сандары қа­натын кеңге жая бастады. Қолдағы де­рек­­терге көз жү­гірт­сек, қа­зіргі кү­ні мұнда 100-ден астам дүкен ха­лыққа қыз­мет көр­сетсе, 10-ға жу­ық дәмхана мен шайхана елдің игі­лігіне айналып отыр. Сонымен қатар шұжық шығаратын үш цех, үш жанармай бекеті мен екі көлік жөндеу шеберханасы жұрттың қажетіне жарап тұр. Одан өзге де бірқатар кәсіпкерлік орындар бүгінгі күннің талабымен нәпақа тауып жүр.
Бұл мәселе құлағымызға шалыны­сымен, Байқоңыр қаласы әкімші­лігіне телефон шалып, мәселенің ақ-қарасын ажыратуға тырыстық. Дегенмен біздің сауалымызға «әу» деген жан табыла қойған жоқ. Әкімшілік мамандары оны басшыдан сұрау керек екенін тілге тиек етті. Өкінішке қарай, әкімшілік басшыларының жұмысы қауырт болып кеткен бе, күнұзақ олармен байланысудың реті табылмады.
Қарапайым мәселе дегенімізбен, мұнда да жергілікті жұрттың мұң-мұқтажы бар. Алдағы уақытта өтетін үкіметаралық отырыстарда аталған жайдың тағы да талқылауға түскені дұрыс екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшылары сыныққа сылтау іздеп, бүйректен сирақ шығаруға неге әуес? Көпшілік көкейіне кептелген басты сауал осыған саяды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста