«Ажырасу туралы өтініштің 90 пайызын әйелдер береді» - Дәурен Айдарқұлов (ВИДЕО)
Осыған дейін екі рет отбасы болған актер Дәурен Айдарқұлов қазіргі таңда елдегі ажырасу санын азайту жобасын қолдап жүр. Көпшілікті отбасында өз қателігін қайталамауға шақыратын өнер иесі бұл жолы ажырасуға 90 пайыз жағдайда әйелдер өтініш беретінін жеткізді, деп жазады nur.kz.
Өзінің кезекті кеңесін Айдарқұлов Instagram парақшасында жариялады.
"Біз ажырассақ, отбасылық мәселенің бәрі өз шешімін табады деп ойлаймыз. Келесіде мүлде қиындық тудырмайтын жар табамыз деп те ойлаймыз. Алайда бұл біз ойлағандай оңай бола салмайды. Біздің қателігіміз кінәні өзімізден емес, өзгеден іздеуімізде. Біз өзіміз жақсармайынша, екінші жартымыз да өзгермейді.
Статистикаға сүйенсек, ажырасуға өтінішті 90 пайыз жағдайда әйелдер береді екен. Алайда бұл олардың шешімі дегенді білдірмейді. Бұл балалары мен әйелі үшін жауапкершілікті мойнына ала алмаған ер адамның да шешімі. Бұл отбасы үшін күресуден бас тартқан отағасының да шешімі. Мұнымен не айтқым келіп отыр? Әр адам отбасы мәселесінде жауапкершілікті өз мойнына ала білуі керек", - деді Дәурен Айдарқұлов.
Естеріңізге сала кетейік, актер осыған дейін отбасылы өмірде екі әйелінің көңілін қалай қалдырғанын айтып берген болатын.
https://www.instagram.com/daurenaidarkulov/?utm_source=ig_embed&ig_rid=5735ec57-8585-4304-bc8d-dbcd14060410