Ажырасу көбейіп барады

Басқа ұлттарды қайдам, қазақ үшін ажырасу деген ұғым мүлдем жат болған. Ері қайтыс болған әйелдің өзін әмеңгерлік жолмен елде алып қалған. Ондағы мақсат – жесірді қаңғытпау, жетімді жылатпау. Ал қазір ше? Ажырасу күнделікті көрініске айналып үлгерді. Жастар ажырасуды қалыпты жағдай ретінде қабылдайтын болды. Ұят та емес секілді.
«Неке бұзу соңғы жылдары жиілеп кет­кенін жасыра алмаймыз. Мәселен, өткен жылы некеге тұру туралы 24 254 өтініш түс­се, 3167 некенің бұзылғандығы тіркелді. Бұл – түсіне білгенге қорқынышты цифр, қауіпті құбылыс. Неке беріктігінің жауап­кершілігін сезіну сезімі төмендеп бара жатқанын осыдан-ақ аңғаруға болады», – дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет департаменті бастығының орын­басары Балжан Әліпбек.
Өзекті өртейтін өкініш. Бұл өкініштің артында қанша адамның, қаншама бүл­дір­шіндердің тағдыры тәлкекке ұшы­райтынын ойлаудың өзі санаға салмақ салады. Ал екі жақты дүрдараз болған құда-жекжаттар арасындағы дау-жан­жалға ұласатын жағдай өз алдына бөлек тақырып.
Дау-жанжал демекші, ешқандай жа­зығы жоқ бүлдіршіндерге тиесілі али­ментке қатысты жағдай да ушығып тұр. Қазіргі таңда облыстық сот орындаушылар депар­таментінде алиментке қатысты 8032 атқарушылық құжат бар екен. Демек, осын­ша әкеден алимент өндіріліп жатыр деген сөз. Бұл – бір облыстағы көрсеткіш. Ал республика бойынша есептер бол­сақ...
– Алиментке қатысты 8032 құжаттың 993-і тек ақпан айында түсті. Қарапайым есепке салар болсақ, күн сайын 30-дан астам құжат түсті деген сөз. Бұл – борышкер әкелерді ғана емес, бүкіл қоғамды тол­ғандыратын маңызды мәселе, – дейді об­лыстық сот орындау департаментінің же­текші маманы Қабыл Дүйсенби.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста