Азық-түлік бағасы неге өсті?

Азық-түлік бағасы неге өсті?

Ресейде болған орман өрті мен биылғы қуаңшы­лық ондағы егін түсімінің едәуір кемуіне әсер еткені мәлім. Әсіресе бидайды былай қойып, кәдімгі қарақұмықтың өзі Ресей үкіметінің бірнеше отыры­сына негіз болғаны бар.

Көршідегі қарақұмықтың тапшылығына дереу «үн қатқан» біздің кәсіпкерлеріміз дәнді дақыл­дың осы түрін шекара асыруға қатты белсеніп кеткен көрінеді, соның кесірінен бұл өнім тамыз айынан бері өз дүкендерімізде сиреп, бағасы да күрт көте­ріліп шыға келді. Кешегі Үкімет оты­ры­сында экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова қарақұмық бағасы та­мыз­дан бері 48,5 пайызға дейін қым­бат­тағанын айтты. Осыған байланысты ішкі нарық­тағы бағаны тұрақтандыру үшін қа­ра­құмықты экс­портқа шығаруды уақытша тыю қажеттігі туын­даған. Мұндай қорға­ныш амалы қара­құ­мыққа ғана емес, бір­қа­тар майлы дақылдарға да қатысты енгі­зіл­мек.

 «Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігімен бірлесе отырып, күнбағыс, рапс, бұршақ тұқымдастары сынды майлы дақылдардың тұқым­да­рына тұрақты негізде экспорттық кеден бажын, ал өсімдік майын шығаратын тұқымдар мен қарақұ­мық тұқымын экспортқа шығаруға уақытша тыйым салу жөніндегі Үкімет жобасы әзір­ленді. Экспорттауға тыйым салу туралы ұсы­нысты алдағы аптада Үкімет қарауына ұсы­намыз», – деді Жанар Айтжанова.
Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызы ара­лығында азық-түлік өнімдерінің баға өсімі 2009 жылғы сәйкес кезеңге қатысты ал­ғанда, 5,5 пайызға өскен. Екі есе. Бірақ азық-түліктік емес өнімдер, керісінше, өт­кен жылғыға қарағанда, екі есе төмен қа­лып­тасып, 3,4 пайызды құрапты. Эко­но­ми­калық даму және сауда министрінің ай­­туынша, азық-түлік өнімдері бағасының өсі­міне, негізінен, елдің астықты аймақта­рын­­дағы қолайсыз күн райына байланысты ас­тық түсімінің жылдағыдан аз болжануы жә­­не экспорт көлемінің артуы ықпал ет­кен.

Оңтүстікте нан бағасы негізсіз қымбаттаған
Есте болса, біраз уақыт бұрын оңтүстік өңірде нан бағасы қымбаттап, бір дүрліккен едік. Сонда Премьер-министр жағдайды шұғыл анықтап, кінәлілерді жазалауды тап­сырған болатын. Кешегі отырыста Бә­секелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мә­жит Есенбаев: «Оңтүстік өңірде нан баға­сын қымбаттатуға дәйекті себеп бол­ма­ған», – деп мәлімдеді. Оның айтуынша, нан өндірушілерде бұрынғы бағамен са­тып алынған ұн қоры бола тұра, ба­ға бір мез­гілде бірдей межеге көтерілген. Яғни на­рықта ымыраластық орын алған. «Сол се­бепті заң нормаларын бұзып, бағаны не­гіз­сіз көтергендердің бәрі жазасын тартады. Бұл дерек бойынша іс аяқталып, сотқа бе­рілді», – деген агенттік төрағасы ұн бағасын да негізсіз көтеру деректері анықталып, ол бойынша Ақмола, Батыс Қазақстан, Шы­ғыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қос­та­най,  Маңғыстау, Павлодар және Қа­ра­ғанды облыстарының бірақтар ұн жет­кізушілеріне қатысты тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Биыл қанша ұн экспортқа шығады?
Биыл Үкіметтің қосылған құны жоға­ры бидай экспорты бойынша алдыға қойған міндеті орындалатын түрі бар. Астық одағы ағымдағы жылы 4 мил­лион тонна бидайды ұн қылып, экспорт­қа шығарғалы отыр.
«Биылдың өзінде-ақ таза бидай түрін­де­гі экспорттан ұн түріндегі экспорттың көлемі артық болады», – деді кеше Астық одағының төрағасы Нұрлан Тілеубаев.
Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев қамбаларымызға 13,5 мил­лион тонна астық түскенін ай­тып отыр. Бұл, әри­не, жылдағыдан әжептәуір кем ме­же. Бірақ министр былтырғыдан қалған астық қорын ескерсек, биыл да экспорттық әле­уе­­­­тіміз төмен болмайтынын алға тарта­ды.

Астық экспортында көздегеніміз – таяу шығыс
Қазақстандық ұн экспортының 97 па­йызы Орталық Азия елдеріне – Өзбекстан, Тә­жікстан, Қырғызстан және Ауғанстанға шы­ғарылады.
Осы географияны Таяу Шығысқа қарай ке­ңіту, Парсы түбегі елдерінің на­рығына ену мәселесі көптен сөз болып келгенімен, тасымал мен ло­гистика мәселелерінің толық шешімін таппауына байланысты бұл на­рықтың есігі әлі ашыла қойған жоқ. Бірақ осы бағытта жүйелі жұмыстар ат­қа­рылуда. Бүгінде құрылысы салынып жатқан Жа­ңа Өзеннен Түрікменмен арадағы мем­лекеттік шекараға дейінгі темір­жол тар­ма­ғы – соның бір аймағы. Бұл жолдың құры­лы­сы бітсе, отандық астық Түрікмен арқы­лы Иранға, одан әрі Парсы түбегінің ел­де­ріне қысқа жолмен жетпек. Осы жайт­тарды ес­керген Премьер-министр кеше қара­ма­ғындағыларға Біріккен Араб Әмір­ліктері мен Иорданияда астық тер­ми­нал­дарын салу мүмкіндіктерін қарас­ты­ру­ды тап­сыр­ды.
Үкіметтің кешегі отырысы интернет арқылы «Қазақстан» ұлттық арнасының сайтында тікелей он-лайн режимде таралды.
Рас, Премьердің ескерткеніндей, бұл отырыс электронды үкіметті да­мы­ту ая­сындағы тәжірибе ретінде бірінші рет өткізіліп отыр. Бірақ жұртқа таралу ама­лы өзгеше болғанымен, ондағы қарал­ған мәселелердің маз­мұны әдет­тегідей елдің экономикалық жайы бол­ды. Осылайша қарапайым қазақ­стан­дық­тар, негізінен, үйіндегі «көк жәшік» пен радиодан, одан қала берді газеттен ерте­ңінде біліп жататын Үкімет жаңа­лық­тары бұқара жұртына (онда да ин­тер­нетке қолы жеткендеріне) «делдал­сыз» тікелей желіде жетті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста