Әзілхан Тәжекеев: «Асанас маңынан бірнеше қаланың орны табылды»

Әзілхан Тәжекеев: «Асанас маңынан бірнеше қаланың орны табылды»

Алтын Орда – ел тарихы үшін орта ғасырлардағы ауқымды мерзімді қамтитын өте маңызды кезең. Алып мемлекет тарихи өмірін тоқтатқанымен, артында Ақ Орда, Көк Орда сынды ірі мемлекеттері болды. Әрі Қазақ хандығы да Алтын Орданың тікелей мұрагері саналады.

Осы орайда ұлық ұлыс туралы тың деректерді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің жанындағы «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, PhD доктор Әзілхан Тәжекеев Асанас ескерткіштер кешені маңында түсірілген бейнедәріс барысында айтып берді. Аталған шара Алтын Орданың 750 жылдығына орай жүзеге асырылды. 

Асанас – Алтын Орданың ірі қалаларының бірі

«Атақты Сығанақ қаласы Қыпшақ хандығының, одан кейінгі Ақ Орда, Алтын Орда, Қазақ хандығының астанасы болған. Сонымен қатар, Алтын Орданың бірнеше орталықтары болды. Батыста Сарайшық, Ресей жерінде Еділдің төменгі ағысында Сарай Батудың негізгі хан ордасы болды. Сыр бойында да ірі қалалардың орны бар.

Сондай қалалардың бірі – Асанас қаласы. Асанас – моңғол шапқыншылығына дейінгі ортағасырлық қала. Бұл маңда кешенді қазба жұмыстары тұрақты жүргізілмеген. 1968 жылы Хорезми экспедициясы, 1990 жылдары Тәңірберген Мәмиевтің жетекшілігімен барлау қазбалары салынған. Биыл Асанаста үлкен кешенді жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.

Зерттеу жұмыстары енді ғана басталды. Қазба жұмыстарына дейін біз Асанастың төңірегіндегі барлау жұмыстарын аяқтадық. Барлау кезінде Асанас маңындағы бірнеше қаланың орнын таптық. Асанас – 1, Асанас – 2, Асанас – 3, Ахмет қала деген Асанастан бөлек 4 қаланың орны бар екенін білдік. Сонымен бірге, Асанас маңайындағы қорым, Асанас ата кесенесі сол дәуірдің сәулет өнері мен архитектурасынан хабар беретін ескерткіштер деп білеміз. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес Алтын Орданың 750 жылдығына орай өлкемізде ескерткіштерді түгендеу, Алтын Ордаға қатысты тарихи ескерткіштердің санын анықтау және зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары зерттеу жұмыстарын бастап кетті», - деді Әзілхан Тәжекеев. 

Сыр өңірі мен Хорезм арасында су жолы болуы да мүмкін

«Тарихи деректер бойынша, Алтын Орда кезеңімен байланысты қалаларды айтатын болсақ, Шыңғыс хан әскерлерінің Сығанақтан кейін басып алған қаласы – Асанас.  Одан кейін елшілер Жендке жіберілді делінеді. Жендтің ханы сол кезеңдегі Сырдарияның арнасымен кеме арқылы Хорезмге қашқан деген деректер бар. Соған қарағанда ол кезде біздің аймақпен Хорезммен байланысқан су жолы болуы да мүмкін. Женд өз еркімен берілді деген деректер де кездеседі. Плано Карпинидің саяхат жолында Баршынкент, Жанкент және Асанас туралы, қалаларының үлкендігі жөнінде айтып өткен. Яғни, Асанас жазба деректерде кездесетін қала. Сырдың бойында тарихи өз атауын сақтап қалған Сауран, Сығанақ, Баршынкент, Женд, Жанкент және Асанас сынды санаулы ғана жерлер бар. Ал, Сыр бойындағы басқа қалаларды біз жергілікті халықтың бергі дәуірде берген Жетіасар, Шірік-Рабат, Бәбіш мола, Қосқала, Сорлытөбе, Сортөбе атауларымен атап жүрміз. Сондықтан да Асанас туралы тарихи деректер мен біздің зерттеп жатқан қазба жұмыстарымыздан табылған заттардағы мәліметтер сәйкес келіп жатса, онда зерттеуіміздің нәтижелі болуына мүмкіндік туады. Тағы бір Алтын Орда кезеңінің ескерткіші Жанкент маңындағы Мыңтөбе қалашығы. Жергілікті өлкетанушылар мен тарихшылар Сығанақты моңғолдар басып алғаннан кейін Асанаста, одан кейін Жендте 1-1,5 жыл әскер жинап аялдап, Хорезмге жорыққа аттанған дейді. Алайда, өлкетанушылар арасында дәлелденбеген деректерге сүйеніп, Жендтен кейін Шыңғыс ханның әскері Жанкентті алды деген пікір де кездеседі. Біз Жанкентте 15 жылдай зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Бірақ, ол жерден моңғол шапқыншылығының ешқандай іздерін байқамадық. Сол себепті Жанкент моңғол шапқыншылығына дейін өмір сүруін тоқтатқан қала. Ал, ақпараттар Жанкенттің іргесіндегі Мыңтөбе деген қала жайлы болуы мүмкін екенін жеткізді археолог.

Аралдың кепкен табанынан табылған мавзолей Алтын Орда кезеңінің есркерткіші

«Алтын Орда дәуірінің тағы бір қызықтыратын ескерткіші – Аралдың кепкен табанынан табылған Арал асар және Кердері мавзолейі. 14 ғасырға жататын тарихи орын Арал ауданының ең шеткі аймағындағы Қаратерең ауылынан 70 шақырым жердегі Барсакелмеске барар жолдан табылды. Үлкен Аралдың табанынан 2000 жылдары үлкен диірмендердің, құмдардың жатқандығын жергілікті аңшылар көріп, хабар берген. Археологтар онда барған кезде ол маңның археологиялық кешен екендігіне көздері жетеді. Кейіннен бұл жердің Алтын Ордаға тиесілі екені дәлелденді. Ескерткіштің өзі үлкен ақпарат беріп тұр. Себебі, Арал теңізі толық кезде бұл ескерткіштің үстінде 25-28 м су болған. Яғни, бұл ескерткіш салынған кезде Арал теңізі дәл қазіргідей тартылған күйде болған. Бұл бір жағынан Сыр өңірінің Арал маңына байланысты экологиялық жағдайына қатысты тың ақпарат беріп тұр. Алтын Орда қалаларының Сырдың бойында аз болуы да осы судың аздығымен байланысты болуы мүмкін. Өйткені, қалалар тіршілік ету үшін өзендердің бойларына салынады. Оғыз дәуірін алып қарасақ, ол кезеңде Сырда қалалар көп болған. Алтын Орда дәуіріне қарай қалалар азая түседі. Оның екінші себебі – қала салуға қажеттіліктің жоқтығы. Себебі, қала тұрғызу қай дәуірде болса да қымбат жоба болып табылады. Сондықтан да Алтын Орда хандары ұлыстың ішкі территориясында қауіп төндірмейтін аймақтардың бірі ретінде Сыр өңіріне қала тұрғызуға тыйым салуы да ықтимал. Есесіне Сырдың бойында сол заманның бекіністері, қоныстары көбірек кездеседі, ал бекіністі ірі қамалдар аз. Сол себептен де Алтын Орда дәуірімен байланысты Сыр бойындағы ескерткіштердің бірде-біреуіне зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Аралдың табанынан табылған ескерткішті аяқасты тексеруге тура келді. Дегенмен, дәл қазір ол жердегі зерттеу жұмыстары тоқтады. Тәуелсіздік алған жылдан бері қарай Алтын Ордамен байланысты археологиялық жұмыстар жасалған жоқ. Ел ішінде де осы кезеңмен байланысты жүргізілген жұмыстар аз. Сол себептен де Асанаста бастау алған қазба жұмыстарын маңызды деп есептеймін», - деді ғалым. 

 
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста