Автомобиль апатынан алты адам қаза болды

Автомобиль апатынан алты адам қаза болды

Өткен жексенбіде алты адамның өмірін қиған үш ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді.

ҚР Төтенше жағдайлар министр­­лігі баспасөз қызметінің хабар­лау­ынша, Алма­ты облысының Үш­­тө­бе-Көпбірлік тас жолының 10-шақырымында «Тойота» және «Га­зель» кө­ліктері соқтығысқан. Соқ­қы­дан аунап түскен ша­ғын автобус бірден отқа оранады. Оқиға орнында оның екі жолаушысы (әйел адамдар) қаза тапты. Үш адам ауыр жараланып, ауру­ха­наға жеткізілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Сондай-ақ дәл осы күні кешкісін Оңтүс­тік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында екі «Ауди» көлігі түйісті. Жеңіл көліктерден бір­ден от шығып, түгел жанып кеткен. Жол апаты­нан екі адам қаза болды. Үшінші қайғылы оқи­ғаны мамандар 22 сағат 40 минутта тіркеді. Ас­тана қаласында «Мерседес» көлігінің жүргі­зу­шісі жарық бағанын соққан. Осының салда­рынан көлікте отырған екі адам мерт болды. 27 жастағы жүргізуші мен 4 жасар бала ауруханаға түсті.

Р.S.
Жаз келген сайын елімізде қайғылы оқиғалардың жиілеп кетуі жұртшылықты шынымен алаңдатып отыр. Біз де өз тарапымыздан жүргізушілер жол ережесін сақтап, көліктерінің техникалық жағдайына дер кезінде көңіл бөліп жүрсе екен дегіміз келеді.


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста