Атырау мектептерінде ыстық тамақ бәріне тегін берілмейді

Атырау мектептерінде ыстық тамақ бәріне тегін берілмейді

Атырауда жаңа оқу жылынан бастап мектептерде тек аз қамтылған отбасының балалары ғана тамақтанады, қалғандары әке-шешелері берген ақшаға "айран мен тоқаш нан" сатып алатын болды.

Аймақта төменгі сынып оқушылары мен әлеуметтік осал және көп балалы отбасылардың балаларына арналған ыстық тамақ беру үрдісі 2012 жылдан бастап облысқа Бақтықожа Ізмұхамбетов басшылыққа келген кезде енгізілген еді.

Содан бері бұл мәселеге көп көңіл бөлініп келеді, оның үстіне ол басқа басымды бағытпен – ауыл шаруашылығын дамыту мен ешкі фермасын құру мәселесімен сабақтасып жатыр.
Қазір мектеп асханасына жергілікті фермер қожалығының өнімдері – ешкі сүті, айран мен сүзбе жеткізіледі. Ыстық тағаммен қамту үшін осы оқу жылында облыстық бюджеттен 1,4 млн теңге бөлінді.

Облыс мектептерінде 95 644 оқушы оқиды, оның ішінде 53 966 бала аз қамтылған отбасыдан шыққан. Төменгі сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасының балаларына ыстық тағам беру жөніндегі кеңес дәуіріндегі тәжірибенің жаңғыртылуын облыс тұрғындары құптаған еді.

Алайда ел президентінің оқушыларды оқыту мен тегін оқулықтармен қамтамасыз ету шығындарын онсыз да мемлекет өз мойнына алғандығы, сондықтан "тоқаш пен айранды" ата-аналары сатып алып беру керектігі туралы мәлімдемесі облыс тұрғындарын "шынымен де мектептерде ыстық тағамды қайтадан алып тастай ма екен?" деп, елең еткізді.

Оның үстіне мұндай тәжірибе елде жаппай енгізілмеген, тек бірнеше облыста ғана бар және ол жергілікті бюджет есебінен төленіп келді.

Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның айтуынша, оқу жылының аяғына дейін бәрі бұрынғыша болады, облыс бюджеті ыстық тағамға қаржы бөліп қойған, олар игерілетін болды.

Ал 1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында тек аз қамтылған отбасының балалары ғана тегін тамақ ішеді.

azh.kz

news.nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста