«А`Студио» өз мерейтойын Алматыда тойлайды

«А`Студио» өз мерейтойын Алматыда тойлайды

Қазақстандық поп-сахнаны посткеңес­тік кеңістікке танымал еткен «А`Студио» тобының құрылғанына 25 жыл толды. Аты аңызға айналған бұл топ мерейтойды Ресейде емес, Қазақстанда, оның ішінде, Алматыда тойлауды жөн көрген.
Ширек ғасырлық шығармашылықты қорытын­дылайтын концерт Алматы қаласы мәдениеті жылы аясында қазанның 9-ы күні Республика сарайында өтеді. Бұл кеш үшін Кремль концерттерінде қолда­ны­латын декорация, жарық пен арнайы эффект құрылғылары және дыбыс зорайтатын жабдықтар әкелінеді. Топ күллі посткеңестік музыкалық аумақ­қа танымал болған хиттерін орындайды. «А`Сту­дионы» құттықтау үшін сахнаға Роза Рымбаева, Владимир Пресняков, Батырхан Шүкенов, Tomas N'evergreen, Сергей Лазарев, Л дуэті, The Jigits тобы және басқалар да көтеріледі. «А`Студио» 1987 жылы белгілі композитор Тасқын Оқаповтың жетек­шілігімен құрылған еді. Алғашқыда «Алма-Ата Студио» аталған топ өз қызметін халық әртісі Роза Рымбаеваның әндерін сүйемелдеуден баста­ды. 90-жылдары алматылық өнер ұжымы КСРО халық әртісі, Ресей эстрадасының примадоннасы Алла Пугачеваның «Әндер театры» бірлестігіне мүше болады. Осыдан кейін Батырхан Шүкенов атты вокалисі бар топ жалпақ жұртқа кеңінен танылды. Кейінгі он жыл ішінде топтың солистері Бағлан Сә­дуа­қасов, Полина Гриффитс және Кэти Топурия бол­ды. Бүгінде Кэтимен бірге топта музыкалық идео­лог, композитор Байғали Серкебаев, гитарис­тер Владимир Миклошич пен Федор Досымов және барабаншы Евгений Дальский қызмет етеді. 2007 жылы топтың 20 жылдығына арналған ме­рей­тойлық концерті Мәскеуде Кремль сарайында өтті. Шығармашылық ұжымның он студиялық альбо­мы бар. «Джулия», «Ночь-подруга», «S.O.S», «Нелюбимая», «Белая река», «Еще люблю», «Уле­таю», «Бегу к тебе», «Также как все» әндері музыка­лық мұра қатарына қосылған. Ресей эстрадасы музыкалық сыйлықтары мен сарапшылардың баға­сы бойынша, топ 2007, 2010 және 2011 жылдары ең үздік поп-топ атанды. «Муз-ТВ», MTV, Russia Music Awards, «Песня года», «Овация», «Золотой граммофон» сыйлықтарының иегері болған ұжым бүгінге дейін мыңнан астам шығармашылық кон­церт берген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста