Астанада 1 мамыр күні отшашу қай жерде болады

Астанада 1 мамыр күні отшашу қай жерде болады

Астанада Бірлік күніне орай бес ауданда мерекелік отшашу болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, 1 мамырда қалада түрлі деңгейдегі 200-ден астам шара, соның ішінде 35 ірі мәдени шара өтеді.

Қазақстан халқының бірлігі күні аясында елордада "Бәйтерек" монументі, "Студенттік", "Ғашықтар" саябақтарында, қалалық әкімдік алдындағы алаңда, Есіл өзенінің жағалауында және "Жастар" сарайының алдында халықтық серуендер ұйымдастырылады. Аймақтық этномәдени бірлестіктер де өздерінің шығармашылық өнерлерін ортаға салады. Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған басты мерекелік шаралар қатарынан үш алаңда LED-мониторлар арқылы көрсетіледі.

Сонымен қатар, 1 мамыр күні қала тұрғындары үшін Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында сағат 18.30-да және Горький атындағы орыс драма театрында сағат 18.00-де "Жұбайлар жұмбағы" мен "Ханума" атты сахналық қойылымдар көрсетіледі.

1 мамыр күні концерттік бағдарлама сағат 11.00-23.00 аралығында өтіп, отшашумен аяқталады. Атап айтқанда, түнгі отшашу Есіл өзенінің жағалауында, "Хан Шатыр" СОО аумағында, "Арман" дүкенінің маңындағы "Жас батыр" стадионында Music hall мейрамханасының жанында және Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы гүлзарда атылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста