Әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар несие төлеуден босатылады

Әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар несие төлеуден босатылады

Қазақстанның қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастамасы әскерге шақырылғандардың борышын өтеу кезеңінде алған несиелерін ұмытуға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді қызметтің сарбаздарына «несиелік демалыс» беру туралы меморандумды бекітті. Құжатқа қос ведомство басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Мәдина Әбілқасымова қол қойды.

 

Қорғаныс ведомствосының бұл бастамасы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге әскери қызмет өткеру кезеңінде өз несиелерін ұмытуға мүмкіндік береді.

Несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру барлық банктермен және микроқаржы ұйымдарымен сарбаздардың барлық ақшалай қарыздарын тоқтата тұру көзделеді.

 

Меморандумды іске асыру үшін Қорғаныс министрлігінің Агенттікпен және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылының арнайы алгоритмі әзірленді.

Осыған сәйкес, шақыру науқаны кезінде болашақ Отан қорғаушылардың жиналған банктік қарыздары мен шағын несиелері туралы мәліметтер бірден Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жіберілетін болады.

 

Осы деректердің негізінде кредиторлар негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және берешекті өндіріп алудың барлық нысандарын тоқтата тұру мәселелерін пысықтайды.

 

Төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде кредитор сотқа беруді, берешекті өндіріп алу мақсатымен атқарушылық жазба жасау үшін нотариусқа жүгінуді, тұрғын үйді сатуды, қарыз алушының отбасын пәтерден шығаруды тоқтата тұрады.

Сондай-ақ, сот актілеріне сәйкес кредитор берешекті өндіріп алудың барлық нысандарын тоқтатуға міндеттеледі.

 

 Жалпы, меморандум қаржылық қызметтерді тұтынушылардың заңды мүдделерін уақтылы қорғауға бағытталған. Ол сондай-ақ әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткеру кезеңінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің қарыздары мен шағын несиелері бойынша міндеттемелерді орындай алмауына байланысты туындайтын әлеуметтік шиеленісті жоюға ықпал ететін болады.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста