Арыстардың ауылдағы мұражайларын қалаға көшіру қажет пе?

Арыстардың ауылдағы мұражайларын қалаға көшіру қажет пе?

Қызылжарда қазақтың біртуар ұлдары Мағжан Жұмабаев, Шоқан Уәлиханов, Ғабит Мүсірепов және Сәбит Мұқановтың мұражайлары бар. Төртеуі де қаламгерлердің туған ауылдарында орналасқан. Өкінішке қарай, аталмыш мәдениет ошақтарына адам аяғы сирек басады. Жастардың көзайымына айналуы тиіс көптеген жәдігерлердің қара құлып салынған темір есіктердің ар жағында шаң басып тұрған жайы бар.

Биыл академик-жазушы Сәбит Мұқа­новтың 110 жылдық мерейтойы тойланғаны белгілі. Осы тойға орай бюджеттен 13,5 миллион теңге бөлініп, Жамбыл ауданы Сәбит ауы­лындағы жазушының мұра­жа­йына күрделі жөн­деу жүргізілді. Аталмыш соманың 6 миллион­нан астамы тек жә­ді­гер­лерді жаңартуға жұм­салған екен. Тойға кел­ген қонақтар жа­зу­шының қал­дыр­ған мұ­раларын – кітаптарын, қолданған зат­тарын, суреттерін көріп, бір марқайып қал­ды. Мәдениет ошағында 200-ден астам не­гізгі (жиһаз, киім-кешек, кітаптар) және 124 қосымша жәдігер бар. Олардың бәрі түп­нұсқа болып табылады. Өкінішке қарай, мұ­ра­жайды тамашалау мүмкіндігіне көпшілік ие бола алмай отыр. Себеп – жол қашықтығы. Облыс орталығынан 200 шақырымдай жердегі ауылға көктем мен күздегі жаңбырлы күндері жету өте қиын. Ал қыста жолды қар алып қа­лады.

Социал ЖҰМАБАЕВ, өлкетанушы, «Асыл мұра» орталығының мүшесі:
– Ақын-жазушыларымыздың ауыл­дар­дағы мұражайларын облыс, тым бол­ма­са, аудан орталықтарына көшіру мәселесін соңғы үш-төрт жыл бойы көтеріп келеміз. Себебі ұлыларымыздың мол мұрасынан сусындай алмай отыр­мыз. Әсіресе бұл жастар жағына қажет екені белгілі. Мағжан, Шоқан, Сәбит пен Ғабит төртеуінің де мұражайлары құн­ды жәдігерлерге өте бай. Бірақ төртеуі де не темір жолы жоқ, не автобус қатынамайтын, ал автокөлік жолдары­ның тозығы жеткен ауылдарда орналас­қан. Облыс орталығына ең жақыны – 150, ал алысы 200 километрден астам жерде. Еліміздің өзге өңірлерінен келген қонақтар Қызылжардың ғана емес, бар қазақтың мақтанышына айналған ға­лым-жазушыларымыздың мұражай­ла­рына бас сұға алмай, «қап» деп қайтып жатады. Сондықтан біз облыс орталы­ғын­да осы төрт алыбымыздың артына қалдырған мұраларының басын қосып, үлкен мұражай кешенін ашуды ұсынып отырмыз.


Сәбит мұражайын 30 отбасы тамашалайды
Тарихшы-өлкетанушылардың бұл ұсынысына аталмыш ауылдардың тұрғын­дары үзілді-кесілді қарсы шығып отыр. Айтатын уәждері: егер мұражайды көшіріп әкетсе, ауылдың жұртын сипап қалуымыз мүмкін. Сөздерінің жаны бар, себебі бұл мұра­жайлар Алаш арыстары туған ауыл­дар­да қалған бірден-бір мәдениет оша­ғы.
Нұрдәулет КӘЛЕНОВ, мұғалім, Сәбит ауылының тұрғыны:
– Сәбит ауылындағы мұражай – Сәбеңнің бұрынғы үйі. Оны 1936 жылы немере інісі Шәкен Мұстафинмен бірге өзі тұрғызған екен. Кейін 1990 жылы жазушының 90 жылдық мерейтойына орай, мұражайға айналдырылған. Бұл жазушының өзі салған үй, оны қалай көшірмекші? Ауылда қазір 30 шақты шаңырақ қалды. Сәбеңнің көзі жоқ болса да шапағаты ауылға тиюде дер едім. Себебі мерейтойлары қарсаңында ауылды көріктендіреді, жолды жөндей­ді дегендей. Ауылда клуб, кітапхана дегендер атымен жоқ. Тоғыз жылдық мек­теп және атамыздың мұражайы. Мұғалімдер мұражайға оқушыларды апарып, сабақ та жүргізеді. Меніңше, Сә­бит ауылының тірегі болып тұрған – осы мұражай. Мұражайды көшіру –  ауы­л­ды тірегінен айырумен тең.

Мағжан мұражайына барсаң, мұңайып қайтасың
Сарытомар ауылындағы Мағжан Жұ­м­а­баевтың мұражайының да есігінен сыға­лау­шылар сирек. Мұндағы мұражай 1989 жылы орта мектептің бір бөлмесінде ашы­л­ған болатын. 1993 жылы ақынның 100 жыл­дық мерейтойы қарсаңында бөре­неден төрт бөлмелі жаңа ғимарат салын­ған. Жәдігерлер саны да онша көп емес, 284. Бірақ әрқайсысының маңызы тереңде жатыр. Кіре берісте Мағжанның зайыбы Зылиха апамыз тапсырған ескі құран бір­ден көз тартады. Ақынның зайыбының жайнамазы мен етігі де осында екен. Құн­ды жәдігерлердің бірі – Мағжанның 1922 жылы жарық көрген «Педагогика» кітабы мен 1923 жылы шыққан өлеңдер жинағы. Омбы мұғалімдер семинариясында оқып жүргендегі сыныптан сыныпқа көшу хаттамасы да осында тұр.
Айгүл ЖҮНІСБАЕВА, Мағжан Жұмабаев мұражайының директоры:
– Облыс орталығынан 150 шақы­рым­дай қашықтықта жатыр демесеңіз, келушілер тым аз дей алмас едім. Тек осы ауыл мектебінің ғана емес, аудан­ның өзге де ауылдарынан экскурсияға балалар келіп жатады. Сонау Астана, Алматы, Семейден келгендер де болды. Мұражайға бас сұққан адамдардың тізімін жасап отырамыз. Жыл басынан бергі тоғыз ай ішінде мұражайға 451 адам келді. Билет сатудан түскен пайда 32840 теңге болды. Ал 2009 жылы 841 кісі келіп, кассаға 32 880 тенге түс­ті. Бұл менің ойымша, аз емес сияқты. Мұнда бүгінде алты адам еңбек етеді. Ауылды жұмыссыздық жайлаған бүгінгі күнде мәдениет ошағын қалаға көшіріп, олардың бала-шағасын жеп отырған нанынан айырған дұрыс болмас еді.


Шоқан мен Ғабит есіктерін «тарс» жапқан
Жаңа жол ауылындағы Ғабит Мүсірепов пен Сырымбеттегі Шоқанның мұража­йы­ның да есігі көбіне жабық тұрады. Сырым­беттегі аспан астындағы мұражай – Шо­қан­­ның әжесі Айғанымның қонысы да та­би­ғаты көркем жерде орналасқанымен, тамашалауға келушілерінің санымен мақ­тана алмайды. Жазда жұмыс жүргізілгені­мен, үйлердің жылытылмауынан қыстың алты айы бойы жабық тұрады.

Аға буынның да, ауыл тұрғындарының да айтқан уәждерімен келіспеске болмас. Бірақ орыстанып кеткен облыс орталығы Петропавлға қазақ қаламгерлерінің мұражайы қажет-ақ. «Туған ауылындағы мұражайларды шаһарға көшіреміз деп, ертең сол ауылдардың жұртын сипап қалмаңдар» деген ауылдағы ағайынның да күдігі орынды тәрізді. Дегенмен де аталмыш мұражайларды заман өзгеріп, құндылықтар ауысып жатқан мына заманда халық үшін аянбай еңбек етіп, тер төккен асыл азаматтар еңбегін жаңа ұрпаққа жақынырақ таныстырып, санасына сіңіру үшін халық көп шоғырланған орталықтарға көшіру де керек сияқты. Құнды жәдіргерлердің тамашалаушысы көп болып, көпшілік көзайымына айналса, арыстарымыз­дың да аты жадымыздан өшпей, жаңғырып тұрары анық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста