Ақын Тұрсынай Оразбаева өмірден өтті

Ақын Тұрсынай Оразбаева өмірден өтті

Қазақтың ақын қызы Тұрсынай Оразбаева өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ақын Маралтай Райымбекұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Айта кетейік, Тұрсынай Оразбаева халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының, "Тәуелсіздіктің 10 жылдығы" мерекелік медалінің иегері, Саха-Якутия Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Тұрсынай Оразбаева 1950 жылы 19 ақ­пан­да еліміздің оңтүстік өңіріндегі Сайрам ауданына қарасты "Қайнарбұлақ" ауылында туған. Еңбек жолын Шымкенттегі Шанин атындағы Облыстық қазақ драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып бастаған. Облыстық радио комитетінде және "Оңтүстік Қазақстан" газетінің редакциясында әдеби қызметкер болып істеген.

Сонымен қатар, Оразбаева Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Кейін Қазақ радио­сы­ның әдеби-драмалық хабарлар бас редак­циясында редактор болған, Мәскеуде жоғары әдебиет курсында оқыған. 1997 жылдан бастап Мәскеудегі Халықаралық Жазу­шылар одағының қауым­дас­тығында қазақ әдебиеті бойынша кеңесші қызметін атқарды. Бүгінде он шақты кітаптың авторы атанған ақынның әр жылдары жарық көрген "Таң шапағы", "Іңкәр жүрек әуені", "Гүлсезім" сияқты жинақтары бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста