Ақтөбеде бұзау іздеуге шыққан екі бала суға батып кетті

Ақтөбеде бұзау іздеуге шыққан екі бала суға батып кетті

Оқиға 27 мамыр күні Ырғыз ауданында болған.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құрылыс ауылында екі бала суға батып кетті. Қазіргі кезде бір баланың денесі табылды, ал екіншісін іздеу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 27 мамыр күні Ырғыз ауданында болған.

Төтенше жағдайлар қызметіне Құрылыс ауылында екі баланың суға кеткені туралы хабар түсті. Оқиға орнына прокурорлар мен полиция барды.

«Алдын ала болжам бойынша, 2011 жылы туған екі бала бұзау іздеуге шығып, оралмаған. Олардың жанында болған 13 жасар бала бірінің суға құлағанын, ал екіншісін көрмегенін айтты. Бүгін сағат 17:30-да жергілікті атқарушы билік пен жергілікті тұрғындар күшімен бір баланың денесі шығарылды. Суға батып кеткен бір баланың әкесі мұғалім, анасы кәсіпкер. Олар - Бәймен Алманов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушылары. Екінші баланы іздеу жұмысы жалғасып жатыр. Оған төтенше жағдайлар бөлімінің екі техникасы, 7 адам жұмылдырылды. Сүңгуірлер де барды. Полиция мен жергілікті тұрғындар да оқиға орнында»,- деп хабарлама таратты облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі де растады.

«Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 12 жасар ер баланың денесі сағат 18:30-да судан шығарылды. Қазіргі таңда кәмелет жасына толмаған екінші ер баланың денесін табу үшін ТЖД, ДП, ЖАО және жергілікті тұрғындар іздестіру жұмысын жүргізіп жатыр»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста