Анна Данилина Париждегі жарыстың чемпионы атанды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Анна Данилина Париждегі WTA 125 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық теннисші ресейлік Вера Звонаревамен бірге финалда жарыстың 1-ракеткалары, украиналық Надежда Киченок - америкалық Алисия Паркспен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық-ресейлік жұп 5:7, 7:6 (7:2), 14:12 есебімен жеңіске жетті.
Тартысты өткен бәсеке 2 сағаттан астам уақытқа созылды.
Осылайша, Анна Данилина жұптық сында WTA додаларында төртінші трофейіне қол жеткізді. Бұған дейін ол Сидней (WTA 500), Варшава (WTA 250), Гдань (WTA 250) турнирлерінде жеңімпаз атанған еді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу