Бала анасын топтың арасында жабық көзбен тани алады! Аналар мен балалар арасындағы ажырамас байланысты көрсететін шағын ролик әлеуметтік желіде оң пікір қалдырды.
«Батыр арулар» байқауының қатысушылары өз балаларымен эксперимент өткізді.
Бір сапта өзінің әріптестерімен анасы тұрған бөлмеге бала шақыртылды. Баланың міндеті ұстап көру арқылы жабық көзбен өзінің анасын табу болды. Балалардың көбісі өздерінің аналарын жаңылыспай танып қойды.
Бұл әсерлі видео өз анаңды тобырдың арасында танып қоюға болатынын, сондай-ақ Отан қорғаушыларымыз өз Отанына қызмет етіп қана қоймай, аяулы, қамқор ана бола алатындарын көрсетеді.