Қазақстандағы АҚШ Елшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында америкалық оқушы қыздың домбырада «Қара жорға» күйін ойнаған сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мен Flex abroad бағдарламасының студентімін және қазіргі уақытта Алматыдамын. Осыдан бес ай бұрын Миннесота штатынан келген едім. Менің ең сүйікті сабақтарымның бірі – домбырада ойнау. Ал ең сүйікті күйлерімнің бірі «Қара жорға», - дейді америкалық Риа Эдберг.