«Алтын Жүрек» атымтай жомарттарға іздеу салады
«Алтын Жүрек» ұлттық қоғамдық сыйлығы осымен бес жыл мыңдаған игі істі көпшілікке паш етіп келеді. Бұл істі жалғастыру мақсатында «Алтын Жүрек» сыйлығының ұйымдастыру алқасы Қазақстан бойынша қайырымдылық саласына еңбек сіңірген, көмекке зәру жандарға қолдау көрсеткен ұйымдар мен атымтай жомарттарға халық атынан алғыс айту мақсатында қайырымды жандарға іздеу салады. Ұйымдастыру комитеті өтініштерді қабылдау басталғанын жариялайды.
Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады:
1) «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін»;
2) «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін»;
3) «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін»;
4) «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін»;
5) «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін»;
6) «Жыл меценаты»;
7) «Ақпараттық қолдаушы»;
8) «Жылдың қайырымды адамы»;
9) «Жыл ұйымы»;
10) «Өнер және қайырымдылық»;
11) «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін».
Бесінші «Алтын Жүрек» ұлттық қоғамдық сыйлығына қатысу үшін өтініш үлгісін www.altynzhurek.kz сайтынан немесе ofbf@mail.ru электронды поштасына хабарласып ала аласыздар. Өтініштер бір данада «Алтын Жүрек» белгісімен 050040, Алматы қ., әл-Фараби д-лы, 53В, Ж блогы, 48-кеңсе мекенжайына жеткізілуі немесе электронды поштаға жіберілуі тиіс. Толық ақпарат: 8 (727) 315-15-11, 315-40-84. «Алтын Жүрек» сыйлығының жеңімпаздары 2011 жылдың 27 қазанында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында марапатталады.