«Алтын жүрек-2012» сыйлығы жарияланды

«Бауыржан» қайырымдылық қоры жыл сайын өтетін «Алтын жүрек» ұлт­тық қоғамдық сыйлығын биыл да жариялады. Республика­мыз­да алтын­шы рет ұйымдастырылып отыр­ған марапатқа үміттілердің өтініштері тамыз­дың 1-інен бастап қабылдануда.
«Алтын жүректің» ғаламтордағы жеке сайты арқылы үміткерлер тізіміне тіркелу мерзімі қыркүйектің 30-ына дейін жалғасады. Ал жеңімпазды марапаттау салтанаты қазан айының 27-сіне белгіленген. Сыйлық жеке тұлғалар мен коммерциялық ұйымдарға жүзеге асырылған қайы­рым­ды әрекеттері үшін табыс етіледі. Ұйымдастыру­шы­лардың айтуынша, олардың мақсаттары Қазақстандағы қайырымдылықтың дамуын ынталандырып, қоғам алдын­да қазақстандық меценат пен қайырымгердің бейнесін сомдау ғана болып табылмайды. Сонымен қатар меценат­тар мен қайырымгерлердің назарын қаражаттың жетіспеу­шілігінен жүзеге асырылмай жатқан мемлекеттік, қоғам­дық, әлеуметтік және мәдени жобаларға аударту. Жыл са­йын бір өзгеріспен жарияланатын сыйлықтың биылғы жаңалығы – «Өнер және қайырымдылық» номинациясы­ның «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін» аталымына өзгеруі.
Жұлдыз Омарбекова, «Алтын жүрек» сыйлығын ұйымдастыру комитетінің төрайымы:
«Алтын жүрек» – бұл қайырымдылық саласында қыз­мет атқаратын ұйымдарға меценаттар мен мемле­кет­тік бизнес-құрылымдардың ішінен сенімді серіктес пен пікірлес табуға берілген тағы бір мүмкіндік деуге де болады. Біз елдегі меценаттықты дамытуға, қайырымгер мен әлеуметтік қорғалмаған қоғамның арасындағы диалогті орнатуға ұмтылып отырмыз. Сыйлық мейірім­нің күшіне деген сеніммен және оның көмегімен қазақ­стандықтардың қайырымдылыққа деген көзқарасын өзгерту мақсатында құрылған.

Ал номинацияны өзгертуіміздің себебі – қазақ эстрадасының орындаушылары әлі де қайырымдылық әрекетпен айналысуға дайын емес. Менің ойымша, музыкалық салаға қарағанда денсаулық сақтау сала­сында мейірімге толы әрекеттер әлдеқайда көп. «Алтын Жүрек» сыйлығының барлық номинациялары, соны­мен қатар жаңа номинация да өз қатысушыларын тауып, азаматтардың көкірегінде қайырымдылық істерге деген белсенділігін оятады деген үміттемін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста