Алматының коммуналды қызметкерлері электр қуаты өшеді деген кестеге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Хабарламаға сәйкес, Алматыда ірі апатқа байланысты электр жарығы сөнеді деген болжам айтылады.
"Әріптестер, тоңазытқыштарыңыз болса, жұмыста электр жабдықтарын, принтерлерді немесе тұрақты жұмыс істейтін басқа жабдықтарды жиі қолдансаңыз, сізде дайындалуға уақыт бар. Назар аударыңыз, өшіру кестесі көрсетілген", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, хабарламада "Алатау Жарық компаниясының" сайтына сілтеме көрсетілген. Жазылған мекен жайға өтсе, қаланың түрлі аудандарында электр қуатын жоспарлы түрде өшіру кестесі ашылады.
"Алатау Жарық компаниясы" жағдайға қатысты пікір білдірді. Компания жабдықтар мен электр желілерін жөндеу көрсетілген кесте бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын растады.
"Жұмыс жүргізілетін аудандар бойынша кесте апта сайын сайтта жарияланады. Жұмыс уақыты артығымен көрсетіледі, әдетте олар ертерек аяқталуы мүмкін. Алаңдауға негіз жоқ", - деді АЖК.
Еске салайық, 25 қаңтарда түстен кейін Қазақстанның оңтүстік қалаларында жарық толық сөнді. Электр қуаты бірнеше сағатқа сөніп қалды. Дәл осындай мәселе Қырғызстан мен Өзбекстан тұрғындарына да қолайсыздық тудырды.