Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша 2020-2021 жылдың үшінші тоқсанынан бастап сабақтан тыс уақытта топтарда бес адамнан аспайтын жеке оқуға рұқсат берілді.
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин режимін күшейтуге бағытталған жаңа қаулыны жариялады.
Қаулыға сәйкес, екiншi семестрден бастап колледждер мен жоғарғы оқу орындарының I-курс студенттерiн ерiктi негiзде құрамдастырып оқыту туралы шешім қабылданды. Бұл ретте күшейтiлген санитариялық-дезинфекциялық және маска режимi, әлеуметтiк қашықтық сақталуы керек. Сондай-ақ І-курс студенттеріне жатақханада тұруға рұқсат берілген.
Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң: 1-ден 5-ке дейiнгi (халықаралық мектептерде 7-ші сыныпқа дейін), 9,11 (12) &ndash сыныптарының оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн тамақтандыруды ұйымдастыру міндеті жүктелген.
Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімдеріне, білім басқармасына, Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасына жүктелген.
aikyn.kz