Алматыда таңғы сағат 06:11-де жер дүмпуі сезілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Сейсмикалық станциялардың мәліметінше, жер сілкінісі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 191 шақырым жерде, Қырғыз Республикасының аумағында болған.
Алматыда 2-3 балл көлемінде сезілген.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінші жер дүмпуінен ешқандай зақым келмеген.