Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қала тұрғындары толығымен қашан вакцинацияланатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол қазіргі таңда жаппай вакцинация туралы ақпарат жоқ екенін айтты. Халықты толығымен вакцинациялау туралы шешімді үкімет қабылдайтынын да жеткізді ол.
"Біз бұл тұрғыдан мемлекеттің саясатын ұстанамыз. Жаппай вакцинациялау шешімін үкімет қабылдайды. Министрліктің бағыттауы бойынша медициналық қызметкерлерді, құқық қорғау қызметкерлері мен мұғалімдерді вакцинациялап жатырмыз. Сәуір айында вакцинаның көптеген дозасы алып келінеді. Сол кезден бастап вакцина салдыратын топтарды өзгертеміз", - дейді Табынбаев.