Алматыда заңсыз 6 қоқыс орны анықталды

Алматыда заңсыз 6 қоқыс орны анықталды

Алматыда жыл басынан бері ғарыштан түсірілген суреттердің көмегімен 6 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы бойынша Экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ерлан Жақиянов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, қазіргі уақытта олардың барлығы жойылған. Былтыр 12 рұқсат етілмеген қалдықтар орны анықталды.

«Алматы қаласы бойынша Экология департаменті 2022 жылы 98 тексеру жүргізді. Оның ішінде 13 субъект профилактикалық бақылау бойынша тексерілді, жоспардан тыс – 32 және өзге де нысандар - 53. Анықталған бұзушылықты уақытында орындамағаны үшін бірқатар нысан иелеріне Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодекісінің (ҚР ӘҚБК) 462-бабы 3-бөлігі бойынша хаттамалар ресімделді және материалдар Алматы қаласының мамандарылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Сот қаулысымен жалпы сомасы 2 700 535 теңгеге 5 әкімшілік жаза қолданылды», – деді Экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ерлан Жақиянов.

Сонымен қатар ол Экология департаметі, Полиция және Алматы қаласының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесіп «Таза ауа» атты рейд өткізгенін тілге тиек етті.

«Рейдтік іс-шара барысында 112 автокөліктен сынама алынды. Өлшеу нәтижелері бойынша 11 жүргізушіге ескерту берілді, 5 жүргізушіге 214 410 теңге айыппұл салынды», - деді ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста