Алматыда полиция Kaspi Bank бөлімшесіне қарулы шабуылды тергеп жатыр, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
«2 қыркүйекте қарулы ер адам тонамақ ниетпен Алматыдағы Kaspi Bank бөлімшесіне баса көктей кірген. Қылмыскер бөлімшеге кіріп оқ атқан, бірақ ешкім зардап шекпеді. Банк қызметкерлері дереу дабыл нүктесін басып, болған оқиға ақпаратты құқық қорғау органдарына хабарлаған. Қазір полиция белсенді түрде іздеу шараларын жүргізуде», - делінген хабарламада.
Еске салса кетсек, кеше Алматыда Төле би ме Әуезов көшелерінің қиылысында Kaspi Bank бөлімшесінде полиция ғимараттың іші мен сыртында жұмыстар жүргізіп жатқаны хабарланған.
inform.kz
Алматыда Kaspi Bank-ке шабуыл жасалды
Последние статьи автора