Алматыда Инновация және креативті индустрияны дамыту комитеті құрылды

Алматыда Инновация және креативті индустрияны дамыту комитеті құрылды

Алматыда Инновация және креативті индустрияны дамыту комитеті құрылды. Комитеттің бірінші отырысы мемлекеттік органдар, бизнес және ғылым өкілдерімен өтті. Жаңа комитет инновациялық тәсілдер мен әзірлемелерді дамыту шеңберінде бизнес пен ғылымды интеграциялауға ықпал ететін болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев креативті индустрия саласы Қазақстанда, әсіресе Алматыда танымал болып келе жатқанын атап өтті.

«Бұл саланы дамыту бізге жұмыспен қамту құрылымын өзгертуге, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын құруға, экспорттық әлеуетті арттыруға және қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға көмектеседі»,  – деді ол.
Мұнда  жұмыс инновация, шығармашылық салалар, IТ-бағыт және инвестициялар сияқты төрт бағытты қамтиды.

«4 қарашада Алматы тұрғындарымен кездесуде Мемлекет басшысы қалада барлық инвестициялардың шамамен 70%-ы тек үш салаға – жылжымайтын мүлік, көлік және саудаға тиесілі екенін атап өтті. Өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT-секторды және креативті индустрияларды дамытуға баса назар аудару қажет», – деді «Атамекен» ҰКП Өңірлік даму департаментінің директоры Әлібек Ашметов.
Креативті индустрияға кино, музыка, графикалық дизайн саласындағы зияткерлік меншікке қатысты әзірлемелер кіреді. Қазір Алматыда инновация және креативті индустрия саласында 27 мыңға жуық кәсіпкер жұмыс істейді.

Бұған дейін Алматыда капиталдандыруы 10 млрд теңгені құрайтын венчурлық қор құрылатыны белгілі болды. Мемлекет басшысы қазірдің өзінде Қазақстанның креативті секторында 20 мыңнан астам компания жұмыс істейтінін атап өтті. Олардың көпшілігі Алматыда шоғырланған.

«Венчурлық қор құрылды. Қор аясында шамамен 10 млрд теңге бөлінеді. Оның 5 млрд теңгесі мемлекеттен, тағы 5 млрд теңгесі жеке инвестициялардан тартылады. Кеше ғана креативті индустрия саласына гранттарға 500 млн теңге бөлінетіні белгілі болды. Бұл комитет жұмысының алғашқы қадамы деп санауға болады. Бұл гранттар талантты және креативті адамдарға дейін жетеді деп үміттенеміз. Комитет мемлекеттік деңгейде де, халықаралық ұйымдар арасында да инновациялық ғылыми әзірлемелер мен оларды қаржыландыру көздерін іздейтін болады», – деп толықтырды Айтуар Қошмамбетов.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы инновациялар мен креативті индустрияларды, оның ішінде дүниежүзілік даму ұйымдарын мемлекеттік және жеке қолдаудың барлық шарасы бойынша бірыңғай ақпарат базасын құруды жұмыс жоспарына енгізуді ұсынды. Сондай-ақ, өңір бойынша осы саланы дамыту үшін бағдарлама құру ұсынылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста