2-3 ақпанда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оған Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей үкімет басшылары, сондай-ақ Өзбекстан Премьер-Министрі ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет өкілі ретінде қатысады.
Іс-шараның күн тәртібі сауда-экономикалық ынтымақтастық, техникалық реттеу, теміржол және мультимодальдық жүк тасымалы, энергетика және т.б. мәселелерді қамтиды.