Алматыда ең маңызды өнертабыстардың мультимедиялық көрмесі ашылды

Алматыда ең маңызды өнертабыстардың мультимедиялық көрмесі ашылды

Алматыда "Әлемді өзгерткен 101 өнертабыс" атты жаңа мультимедиялық көрме ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Австралиялық Grande Exhibitions компаниясы адамзаттың дамуына ең көп үлес қосқан өнертабыстардың бірегей көрмесін жасады. SENSORY4 жүйесінің көмегімен көрермендер қазіргі инновациялар мен тарихқа дейінгі кезеңдерді байланыстырған өркениеттің сегіз дәуірінің куәсі болады. Көрме қонақтарына өнертабыстардың пайда болуына себепші алғышарттар мен олардың біздің өмірімізге жасаған ықпалы көрсетіледі.

Адамзат тарихы таңғаларлық әрі жүйелі жаңалықтар мен өнертабыстардан жасалды, олар адамның ой-қиялының қаншалықты терең, шексіз болғанын толық көрсете алады. Адамдар ғасырлар бойы тәжірибелер жасап, жаңалықтар арқылы келешегін қалыптастырды. "Әлемді өзгерткен 101 өнертабыс" көрмесі - тас дәуірінен Интернет заманына дейінгі өнертабыстарға арналған өзіндік саяхат. Адамның қолынан шыққан кейбір бұйымдар қажеттіліктен туса, кейбірі кездейсоқ пайда болды, бірақ олардың бәрі ғылыми-техникалық прогрестегі жаңалық болып қалды және тарихи дамуға әсер етті.

"Әлемді өзгерткен 101 өнертабыс" көрмесі Dostyk Plaza сауда - ойын-сауық орталығында орналасқан SPACE multimedia жаңа мультимедиялық галереясында ашылды. Жоба Алматы қалалық мәдениет басқармасының қолдауымен іске асырылып жатыр. Көрменің ақпараттық серіктесі - Tengri FM радиостанциясы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста