Алматыда артезиан суы табылды

Алматыда артезиан суы табылды

Алматыда артезиан суы табылды. Бұлақты көріп, көзін ашқан – 39 жастағы Марат Айтуов деген жергілікті тұрғын.
Алматы қаласы Алатау ауданының Әй­герім ықшамауданында бұлақ көзі табылып, қазірде халықтың пайдасына асып отыр. Әлмерек абыз және жақында ғана аты берілген Сәпиев көшелерінің қиылысында орналасқан бұл артезиан суына жергілікті тұрғын Марат Айтуов өз қаржысына бес жыл бойы тазалық жұмыстарын жүргізіп, кейіннен ол жерге тас қойған екен. Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров бұл іске оң көзімен қарап, қолдап, табиғи байлықтың жіті бақылауда болуын қадағалауға атсалыс­қан. Бірақ бұл іс тек жақында ғана қолға алынғандықтан, бұған дейінгі бар бейнет Марат Айтуовқа «бұйырған». Оның ай­туынша, жер қысы­мымен табиғи түрде ағатын бұлақ көзіне салғырттықпен қарай­тындар да көп. Мәселен, жуыну орнына айналдырып, автокөліктерін жуып, кіші дәрет сындырып, қоқыс тастап кететіндер де табылады. Сол себепті су басына екі жыл бұрын құлпытас қойылды. Қазір судың сапасын тексерген бір топ ғалым оған өте жақсы деген баға беріп отыр. Олар түрлі ауруларға қолданы­латын емдік қасиеті бар бұлақ бүйректі таза­лаудың да таптырмас емі екенін айтады. Ал кейін осы артезиан суына «Көкқайнар бұ­лағы» деген атау берілді. Ал күні кеше оразаға байланысты 150 адамға мал сойып, ауызашар беріп отырған Марат Айтуов дастарқанға бұлақтың суын да қойды.
Марат АЙТУОВ, Алматы қаласының тұрғыны:
– Бұлақты 1974 жылы қазылды деп естігеніміз болмаса, басқа сырын анық-қанық білмедік. Көптеген қиыншылық­тар кездессе де, ең бірінші, Алланың, ал екінші күш-жігеріміздің арқасында тамаша бұлақ­тың көзін аштық. Көшені барымызша кеңейтіп, бұлақ басын барынша кеңейтуді ойладық. Ольга Васильевна деген кісі «көптеген аурулар шығып жатыр» деп өтірік мағлұматтар беріп, бұл жерді жабумен айналысты. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген сөз бар. Сараптамалық қорытындылар бойын­ша, бұл жерде ешқандай да ауру тарататын су жоқ болып шықты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста