Алматыда Аян Ғалиев пен Ғани Нұримановпен қоштасуға мыңдаған адам келді

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 18 шілдедегі теракт кезінде мерт болған полицейлер Аян Ғалиев пен Ғани Нұримановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп жазады Today.kz.Қаралы жиынға мыңдаған адам келді.

"Сіздер батыл ұлдарды тәрбиеледіңіздер – бұл бәріміз үшін үлгі. Олар мәңгілік халық жадында қалады. Барлық қазақстандықтар және алматылықтар сіздер мен ұлдарыңыздың алдында бас иеді. Зардап шеккендердің ешбірі қолдаусыз қалмайды. Қылмыскерлер үрей тудырғысы келеді, ол үшін қару қолданып, өімірімізге қауіп төндіруде. Бұндай қауіптен біз тек бір болу арқылы құтыламыз", - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Жиында сөз алған генералдар президиумы кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров қазақстандықтарды сақ болуға шақырып, елдегі өлім жазасына салынған мараторийді алып тастау керек деді.

Бұл жиында қоғам қайраткері Айдос Сарым да сөз сөйлеп, Қазақстанда террорлық әрекеттердің жиілеп кеткендігін атап өтті. Оның ойынша, билік ұзақ уақыт радикалдардың қоғамда тамыр жаюына мүмкіндік беріп қойды.

18 шілдеде Алматыда теракт болды. Оның салдарынан бес адам көз жұмды: Аян Ғалиев, Мақсат Сәлімбаев, Бауыржан Нұрмаханбетов, бұрынғы полицей Ғани Нұриманов және шегарашы Азамат Әзімханов. 19 шілде күні ауруханада тағы бір полицей – Тимур Бегасылов көз жұмды.

Тергеу нұсқасы бойынша, 26 жасар Руслан Күлекбаев Алмалы ауданы ІІБ мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасаған.

today.kz/kz/news/tyinyis-trshlk/2016-07-20/722490-almatyida-ayan-aliev-pen-ani-nrimanovpen-oshtasua-myidaan-adam-keld/ 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста