Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы жылу желілері» ЖШС және «Балқаш жылу» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық істерді тергеп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«АлТС» ЖШС бас директоры мен басқа да қызметкерлері 16 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр (ҚР ҚК 366-бабы). «Балқаш жылу» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және бас бухгалтері өздерінің карточкалық шоттарына артық жалақы есептеу жолымен 272 миллион теңгеден аса ұрлық жасады деп күдіктеліп отыр (ҚР ҚК 189-бабы). Бұл ретте серіктестіктің жеткізушілер алдында 1,5 миллиард теңгеден аса сомаға қарызы болған. Екі факт бойынша да күдіктілердің кінәсін толық мойындауына байланысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.