Алматы-Қарағанды тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға бүгін, 9 шілдеде болған.
Оқиға Астана уақытымен 11.15-те Қарағандыдан 20 шақырым жерде Гүлшат ауылының маңында болды. Lexus көлігінің жүргізушісі дөңгелек жарылғаннан кейін тізгінге ие бола алмай қалып, жол шетіне шығып кеткен. Оқиға орнында көлік жүргізушісі мен бес жолаушы қаза тапты, олардың екеуі бала. Облыстық ІІД мәліметінше, қаза болғандар Алматыдан Астанаға бара жатқан.
"Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Соталды тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.