Алматы облысынан блок-бекеттер алынады: Аймақта тағы бірқатар шектеулер жеңілдетілді

Алматы облысынан блок-бекеттер алынады: Аймақта тағы бірқатар шектеулер жеңілдетілді

Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов аймақтағы карантиндік шараларға өзгерістер енгізу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

блокҚұжатқа сәйкес, облыс ішінде COVID-19 бойынша қолайсыз аумақтарды қоспағанда, аудандар мен қалалар арасында блок-бекеттер алынады. 

Бұл ретте блок-бекеттер мемлекеттік шекарада, басқа өңірлермен шекарада, сондай-ақ Алматы мен Талдықорғанның айналасында жұмыс істеуді жалғастырады.

 

Бұдан басқа, моншалар, қоғамдық сауналар, спа, массаж орталықтары және тағы басқа, қызмет көрсету саласы нысандары жұмыс істей бастайды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда (жасына қарай) кезекші топтар ашылады, қызметкерлер мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау (термометрия) және ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттету арқылы шағын жинақты білім беру орталықтары, үйірмелер (жазба бойынша) өз жұмысын қайта бастайды.

Өз қызметін техника қауіпсіздігі бойынша жауапты құтқарушыларды даярлау және қайта оқыту, сондай-ақ күзет және басқа да мамандандырылған ұйымдар үшін мамандандырылған оқу орталықтары бастайды.

Ашық ауада көрерменсіз спорттық іс-шаралар мен жаттығулар өткізуге рұқсат етілген. 50 орынға дейінгі ашық стадиондар іске қосылады.

Бұл ретте қоғамдық орындарды, өнеркәсіп аумақтарын, әуежайларды, аула балалар алаңдарын және басқа да объектілерді санитарлық және дезинфекциялық өңдеу жалғастырылады. Барлық объектілерде күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және маска режимі қатаң сақталуы керек.

Аталған қаулы 2020 жылғы 18 мамырда 08.00 бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

"Бұл қаулының коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жаңа жағдайларының тіркелуіне байланысты асқынған эпидемиологиялық жағдай сақталған Талғар, Кеген аудандары мен Талдықорған қаласына қатысы жоқ екенін атап өту қажет",-деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 
 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста