Алматы әуежайындағы самсаның бағасы 1000 теңгеден 170 теңгеге түскен

Алматы әуежайындағы самсаның бағасы 1000 теңгеден 170 теңгеге түскен

Алматы әуежайындағы тамақ пен сусындардың бағасы мен сапасына қатысты өткізілген баспасөз конференциясында қоғам белсенділері бағаны бақылауына алып отыратын арнайы комиссия құруды ұсынды деп хабарлады 31 арна.

4 маусымда Алматы әуежайында баспасөз-конференциясы өтіп, онда халықты шулатқан әуежайдағы тағамдардың бағасы туралы мәлімдемелер жасалды.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов әуежайдағы азық-түлік бағасының ақылға сыйымдылығын тексеріп, ретке келтіруді тапсырғаннанм кейін аяқ-асты самсаның бағасы 1000 теңгеден 170 теңгеге түскен.

Әуежай басшылығы журналистердің бағаны шарқытатып қоюға не себеп болған деген сауалдарына жауап қайтара алмады. Мұнымен қоса тек самсаның бағасы ғана төмендетілген сияқты.

«Алматы халықаралық әуежайының басты қызметі әуемен байланысты. Яғни ұшақтардың ұшып-қонуын қамтамасыз ету, әуе жанармайы мен тіркеу мәселелерін қадағалау. Ал бұдан өзге кәсіпкерлікке қатысты функциялар – бұл кәсіпкерлердің жеке мәселесі», — деп түсіндірді әуежайдың қауіпсіздік бойнша вице-президенті Әлібек Мәжікенов.

Әуежай басшылығының сөзіне сенсек, әуежайдағы жалдама бағалары қалыпты деңгейде және кәсіпкерлерге ешқандай артық талаптар қойылмаған.

«Әуежай басшылығы жайлылық үшін барлық жағдайлар жасаған. Жалдама құны да ақылға қонымды», — деп сендірді кәсіпкерлердің бірі.

Алайда барлық жағдайлар жасалғанымен кәсіпкерлер тұтынушыларының жағдайын ойлап жатпаған көрінеді. Мұны санитарлық дәрігерлер де растаған.

«Мерзімдер, сақтау шарттары тағысын тағы сақталмай келген. Осындай әрекеттері таңғалдырды. Торт тұрса астында жемістер. Торт деген кондитерлік тағам, және уландыру жағдайын жиі әкеліп соқтырады» — деп мәлімдеді тұтынушылар құқығы бойынша департаменттің өкілі.

Мерзімі өткен торттан ғана емес, бағадан да уланып қалуға болады. Мәселен «Кока-Коланың» бір бөтелкесі мұнда 700 теңге, ал лимонад 500 теңге тұрады. Не себепті бағалар көтеріңкі екенін анықтау мүмкін болмады. Әуежай басшылығы бұған қатысты еш түсініктеме бермеді.

«Сіздер төбеге шығып бағаларды салыстырып көріңіздер. Мен 500 теңгеге қойсам, олар 1300-ге қояды. Айырмашылық бар ма? Мен төбедегі бағаларға қарап қойып отырмын. Одан төмен қойсам оларға кесірімді тигіземін. Еуропалық бағалармен де салыстырып қоямын. Еуропадағы бағалардан асып түспеуін қадағалаймын. Мұнда шетелдіктер көп. Олар бағалардың Еуропамен бірдей екенін айтуда», — деп ақталды кәсіпкер Меруерт Әубәкірова.

Алайда жоғарыға барып қайту оңай болып шықпады. Бағаларға қарағанда ол жерге тек таңдаулылар ғана кіре алады. Ал еуропалық бағалармен теңестірілді деген оймен блогер Ұлан Қошқарбаев келіспейтінін жасырмады. Ол ешбір шетелде мұндай бағаларға қатысты былықты және көрсетілетін қызметтің төмендігін көрмегенін айтуда.

«Соңғы рет Амстердамда болдым. Нақты мысал келтіре аламын. Біз досымызбен бірге барғанбыз. Екі үлкен шыны кофеге 8 еуро төледік. Ал Алматыда мұндай кофелер екі есе қымбатқа тиеді. Бізде бағалар 1800 теңгеден басталады. Сондағы алатының кішкентай шыны кофе», — деп ренішін білдірді Қошқарбаев.

Осы орайда арзан тағамдарға шарықтаған бағалар қоятын кәсіпкерлердің еселеп пайда түсіріп жатқанын бірден байқауға болады. Кәсіпкерлер әуежайда ұшақ билетіне ақша тапқандар қымбат тағамға да ақша табады деген пікірде болуы керек. Сондықтан сарапшылар мұны әкімшілік араласусыз қалдыруға болмайтынын айтуда.

Ал әуежайдағы бағалардың тексеруге алынып, бірден төмендеп жатқанына тұрғындар дән риза.

«Әуежайдағы кафелерде аяқ-асты бағалар тексеріліп жатыр. Енді шайдың бағасы 400 теңге! Тойып ішуге болады!», — деп жазды өз Twitter парақшасында @bliss_ninny есімді пайдаланушы.

Ол тіпті бағаны растайтын фотоны да жүктеп қойыпты.

www.nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста