Әліпбидегі бодандықтан құтылсақ қана біртұтас ұлт боламыз

Әліпбидегі бодандықтан құтылсақ қана біртұтас ұлт боламыз

Қоғамдық талқылаудан түспейтін, алайда шешіліп, «піспейтін» мәселе не десек, онда, сөз жоқ, әліпби ауыстыру жайын айтар едік. Әліпби дауы берісі ХХ ғасыр басында Алаш арыстарының, әрісі түбі бір түркілердің шақшадай бастарын шарадай еткен болатын. Тіпті латынға көшу мәселесі Сталин тұсында бірқатар қазақ-түркі зиялыларының басын да жалмағанын тарихтың сарғайған беттері жасырмайды. 1940 жылдан бастап Ресей миссионер Ильминскийдің арманын жүзеге асырды, яғни түркі халықтарын орыс жазуын қабылдауға мәжбүр етті. Осылайша, түркілер ұлттық санасынан ажырай бастады.
1860 жылдары Ресей империясы тұсында Иль­мин­ский бастаған орыс миссионерлерінің түркі ха­лық­тарының жазуын отарлаудың саяси сценарийі то­талитарлық қоғам тұсында «сәтті» жүзеге асы­рыл­ды. Осылайша, Ресей түркілердің жерін басып, мате­риал­дық игілікке ғана емес, әліпбиін орыстандырып, ру­хани үстемдікке де қол жеткізді. Әліпбиді орыс­тандыру – тілді орыстандыру, ал тілден айырылу ді­німіз бен ділімізді тұсаулап, кері тартқанын кеш тү­сін­дік. Түсінсек те, мұның зардабымен күресе алмай, орысша ойлап, орыстанып, күні бүгінге дейін дәр­мен­­сіз халде жүрміз. Меніңше, әліпбидегі бо­дан­дықтан құтылмай, бостандықтың қадірін сез­бей­міз. Міне, осыны терең ұғынған тәуелсіз түркі мем­ле­кет­тері, атап айтқанда, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзір­бай­жан азаттық алысымен отар­лаушы ұлттың жа­зуынан құтылып, ла­тын­ға көшіп, дамудың даңғыл жо­лына түсіп үл­герді. Ал мәселе бізге, яғни қа­зақ­тарға кел­генде сағызша созылып кетті. Не керек, Тә­уел­сіздік алғалы бері латынға көшу күн тәртібіне жиі қойылып келеді. Мәселенің ауқымдылығы да сонда, бұған әліппе ұстап, әріп тани бастаған бүлдіршіннен бастап, әліппемен әлдеқашан қош­тасып, қолына таяқ ұстаған зейнеткер қарт­тарға дейін бас қатырып, толғанады. Не­ге? Себебі мың толғанып жүргенімізде, мәселе тек қаріп ауыстыру секілді таза тілдік шең­бер­ден шығып кеткелі қаша-ан... Отандық ғалымдар қа­зақ әліпбиінің негізін латын графикасына көшірудің тіл­­дік, ақпараттық-коммуникациялық, мәдени-әлеу­мет­тік, философиялық, экономикалық, пе­да­го­ги­ка­лық т.б. қырларын қаншама рет сөз етті. Бірнеше жұ­­мыс тобы, Үкімет жанынан комиссиялар құ­рылды. Осы­лайша, ғалымдар да, шенеуніктер де бұл мә­се­ле­нің бәрібір Үкімет пен Парламент қабыр­ға­сында да ше­шілмейтіндігін ескерсе керек, ақырында «әліп­би ауыс­тыру – саяси мәселе» деген тоқтамға кел­ді. Бұ­лай деп айтуымызға негіз де жоқ емес. Бі­рін­шіден, мәселенің 20 жыл бойы шешілмеуінің өзі оның саяси сал­мақтылығын аңғартса, екіншіден, қа­зіргі «қа­зақ­стандық ұлт» идеологиясы салтанат құр­ған заманда қа­зақтың жазуын шешу, кім білсін, әл­дебір этнос­тар­дың көңілінен шықпай қалуы бек мүм­кін ғой...
Жақында қазақ әліпбиін латынға кө­ші­ру мәселесі қайта көтерілді. Дүниежүзі қазақ­тарының Астанада өткен ІV құрыл­тайына жиналған әлем қазақтары қазақ билігіне шеттегі қандастардың бұйымтайы ретінде латынға тездетіп көшуді ұсынды. Шындығында да, жер бетінде тарыдай ша­шы­рап жүрген қазақтың басын бір бірік­тір­се, әліпби мен тіл біріктірері хақ. Өйткені қазіргі күнге дейін дүниежүзі қазақтары араб, кириллица, латын графикасы секілді үш түрлі қаріпке негізделген әліпбиді қол­да­нып, соның салдарынан ортақ бір әріп­пен хат-хабар алмасуға, отандық оқу­лық­тар мен әдебиеттерді оқуға келгенде тілі күр­мелген мүшкіл жанның кейпін киіп келеді.
Ұлтты қалыптастырудың төте жолы – әліпбиде
Расында да, көп жылғы үзілістен кейін қазақ жазуын латынға көшіруді 2006 жыл­дың 28 қазанында Елбасы Қазақстан хал­қы Ассамблеясының ХІІ сессиясында Үкі­мет­ке тапсырған еді. Н.Ә.Назарбаев латын графикасына көшкен пост­ке­ңес­тік елдердің тәжірибесін зерделеуді ұсынған болатын. Осы ретте, болашақ сая­сат­танушы ретінде осы тақырыпты зерт­теу­ге кіріскендердің қатарында мен де бар едім. Мен мәселенің саяси қырын қа­рас­тырдым. Осылайша мынадай жайттарға көз жеткіздім.
Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ға­лым әрі көрнекті мемлекет қайраткері Ах­мет Байтұрсынов: «Әр ұлтқа төрт нәрсе керек. Олар: тіл, діл (ұлттық сана), дін және жазу. Осылары болса ғана әр халық – өзінше халық. Егер бұлардан айырылса, ол ел ха­лық болудан қалады», – деп айтқан. Бұдан біз ұлттың ұлт болуы үшін жазудың да үл­кен рөл атқаратындығын аңғарамыз. Аме­ри­калық этносаясаттанушы Бенедикт Андер­сонның «Елестетілетін қауымдастық» тұжырымдамасына сәйкес, ұлт елестетілетін саяси қауымдастық болып табылады екен. Ол өзінің бұл тұжы­рым­да­масын Еуропада XV-XVI ғасырда басталған «баспа капита­лиз­мімен» (print capitalism) түсіндіреді. Ан­дерсонның айтуынша, осы уақыттан бастап баспа капитализмі ал­ды­мен кітап­тар­ды, кейіннен газет-жур­нал­дарды жап­пай шығаруға ұйытқы болған. Әлемдік мә­­дениет жүйесінен ығысып, өлі тілдер қа­тарынан орын алған латын тілі ағылшын, фран­цуз, неміс, итальян, испан, одан кейінгі кезеңдерде Шығыс Еуропа, Азия мен өзге де аймақ тілдерінің дамуына сер­п­ін берді. Осы кезеңде баспа өнімдерін оқи­тын бұқаралық оқырман қалыптасты. Үнемі бір баспа өнімін (газет, журнал, көр­кем әдебиет, оқулықтар т.б.) үзбей оқу арқылы оқырмандар санасында белгілі-бір іштей байланысқа негізделетін елес­те­ті­летін қауымдастық қалыптасты. Осы­лай­ша олар­дың бойында ортақ сәйкестілік пай­да болып, ол ұлттың қалыптасуына алып келді. Қалыптасатын осы іштей өзара бай­ланысты қауымдастықтың негізі оған кіретін мүше­ле­рінің барлығының ортақ сәйкестілігі болып табылады. Осының нә­ти­жесінде ұлт туып, дамиды. Андер­сон­ның елестетілетін қауымдастық жөніндегі осы тұжы­рым­да­масы арқылы ұлттың қа­лып­тасуына жа­зу­дың ықпал еткенін ұғы­на­мыз.  
Қазақ ұлтының қалыптасуын Қазан төңкерісі тоқтатты
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен жүр­гі­зілген зерттеуде: «Қазақ елестетілетін қауым­дастығы ХІХ ғасырдың соңында-ақ қалыптаса бастады, бірақ оның дамуын Қазан төңкерісі тоқтатты. Кеңестік кезеңде қазақ елестетілетін қауымдастығының да­муы оны идеологияландыру мен соған байланысты орыстандыру негізінде жүріп, оның басты элементі қазақ тілін кирил­ли­цаға көшіру болды. Елестетілетін қауым­дас­тықты (яғни ұлтты) қалыптастыруға негіз болатын баспа өнімдері Қазақстанда толы­ғымен кириллицада басылды және әлі де басылып келеді. Алайда тілдің мате­риалдық тасымалдағышы ретінде жазу елестетілетін қауымдастықты қалыптастыру ісінде тіпті бірінші кезектегі мағынаға ие бо­лады. Ол қазақтың ұлттық сана-сезімінің орыс тілі мен орыс мәдениеті жағына қа­рай бағдар алуына ықпал етіп келеді. Нә­ти­жесінде қазақ сәйкестілігі көп жағдайда анық­тал­маған күйінде қалып отыр. Осы тұрғыда латын графикасына көшу қазақ­тар­дың нақтыланған ұлттық сәйкестілігін қалып­тастыруға мүмкіндік береді. Қазақ­станмен мәдени-тарихи тәжірибесі ұқсас Әзір­бай­жан, Өзбекстан, Түрік­мен­станның латын графикасына көшуін дәл осы көз­қа­рас аясында қарастырған жөн» деген тұ­жырым жасалған. Иә, бұған толығымен қо­сы­луға болады. Себебі әліпбидің графи­ка­лық жүйесін сақтау немесе ауыстыру ұлттық сәйкестілікті сақтауға немесе оны жаңадан қалыптастыруға негіз болады. Осы ретте, ұлттық сәйкестілігі қалыптаспай, ұлттық санасы ішінара орыстық сипат ал­ған қазақ­тар үшін кириллицадан шығып, ла­тын гра­фикасын пайдалану кеңестік то­тали­тар­лық сәйкестіліктен босанып, ұлттық сәйкес­ті­лікті қалыптастыруға негіз бол­мақ.
Кириллица жазуы орыс этносының ұлт­тық және діни сәйкестілігінің негізі екен­дігін ескерсек, Ресей Қазақстанның ки­рил­лицаны қолдануына мүдделі. Дәл сол секілді Қазақстандағы орыстармен орыс­танған қазақтар да кириллицада қалуды жөн санайды. Психологиялық тұрғыдан ки­риллицаға үйренген орыстар мен орыс­тілді қауым қазақ жазуын латын гра­фи­касына көшірген тұста наразылық танытуы мүмкін. Осы негізде Қазақстанда эт­нос­ара­лық шиеленіс орын алуы мүмкін деген бол­жамдар да жоқ емес. Осы орайда ғалым Бақытжан Хасанұлы: «Біздіңше, жазудың қандай түріне көшсек те, күн­дер­дің күнінде көше қалсақ, Қазақстанды мекендеген барлық ұлттың, әсіресе орыс­тардың бірге көшуін ұйымдастыру – шарт. Әйтпесе қазақ халқының орыстілді, қазақ­тілді бо­лып жікке бөлінуі беки түседі, қо­ғам ыды­райды», – деп тұжырымдайды. Иә, қазақ жазуын латынға көшіру про­це­сін­­де елімізді мекендеген барлық эт­нос­тар­ға қазақ әліпбиін үйретудің тиімділігі зор болмақ.
Жазу – ұлтты біріктіретін мәдени код
Саясаттанушы Рүстем Қазақбайұлы ұлт­тың дамуы жазуға негізделетінін жазу таңбасы діни қауымдастықтардың мәдени әр алуандығы мен аумақтық ауқым­ды­лы­ғын қамтамасыз етуде шешуші рөл ат­қар­ғанын исламды мысалға келтіре отырып, былай дейді: «Егер де индонезиялық Ма­гинданао тұрғыны Меккеде бербер тай­па­сының өкілімен кездессе, бір-бірінің тілін білмеуі салдарынан ауызша қарым-қа­ты­нас жасай алмайды. Дегенмен олар бір-бі­рін жазбаша түсінуге қабілетті. Себебі тек қана классикалық араб тілінде бар әрбір сакральды мәтін олар үшін түсінікті болып саналады. Бұл тұрғыда жазбаша араб тілі қытай иероглифтеріне ұқсас қызмет ат­қа­рады. Қытайлықтар үшін иероглифтер бір­тұтас қытай ұлтын біріктіретін мәдени код болып саналады. Қытай тілінің түрлі бөлігі әр алуан айтылу нұсқасына ие. Бұл өз ке­зегінде елдегі ауызша коммуникацияға айтарлықтай кедергі болып табылады. Сол себепті қытайлар мұсылмандар әлемі секілді дыбыс арқылы емес, жазу таңбасы арқылы ортақ қауымдастыққа бірігеді».
Біртұтас ел боламыз десек...
Супердержавалар аз ұлттарды жұтып жатқан жаһандану дәуірінде біздер үшін де ұлт болып бірігудің маңызы зор. Бұл ретте, Қазақстанның қазақ елі екендігін ай­ғақтайтын басты атрибут, ол – қазақ тілі. Ал қазақ пен қазақтың қазақша сөйлесуі, қазақша ойлауы үшін орыс жазуынан құ­ты­лудан басқа жол жоқ. Олай болса, сөзден іске көшетін кез әлдеқашан жетті. Латын әліпбиіне көшу арқылы қазақ ұлттық сәйкестілігі қалыптасып, ұлттық санасы жаңғырып, түркі әлемімен, әлем қазақ­та­рымен ортақ ақпарат кеңістігі қалыптасып, ға­ламторда қазақ жазуы толық оқылып, сол арқылы, шын мәнінде, бүтін әрі бәсе­ке­ге қабілетті ұлт боларымыз анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста