Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мектеп формасын сатып алуға кепілхат беріледі
Қазақстанда мектеп формасын сататын онлайын платформа енгізіледі деп хабарлайды Stan.kz.
Министрліктің ойынша, бұл жоба Қазақстанның жеңіл өндірісін дамытуға үлес қосып, мектеп формасын алам деген әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға септігін тигізбек. Пилот жоба әуелі Астанада іске қосылады.
Министрлік “Әлеуметтік әмиян” платформасы арқылы ата-аналарға белгілі бір дүкендерден мектеп формасын сатып алуға ваучер береді және жеңілдікпен сатам Қазақстан өндірушілеріне сауда нүктелерін ұсынады.
“Осыған байланысты отандық тауар өндірушілердің тізілімін қалыптастыру қажет, басты талаптардың бірі ұлттық стандарттарға сәйкес өнім өндірісін анықтау болады”, – дейді министрліктің Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов.
Аз қамтылған отбасыларға киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алуға берілетін көмек қаржылай болады. Оның сомасы ең төмен күнкөріс деңгейінен кем болмайды.