Әлемге әйгілі цирк Астанада

Әлемге әйгілі цирк  Астанада

Астана күні мерекесінің биылғы бағдарламасы да ерекше қызықтардан кенде еместігін жазған едік. Соның бірі – әлемге әйгілі Du Soleil циркі. Бұл цирктің өзге цирктерден айырмасы – өз қойылым­дарында жануарларды пайдаланбайтындығы болса, ең басты ерекшелігі – әлем жұртшылығының аузын ашып, көзін жұмып тамсандырған өнер қойылымдары. 1984 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан осынау цирк бүгінге дейін әлемнің 40-тан аса елінің 300-ден астам қаласында қалың жұртшылықты ғажайып әсерге бөлеп, өнеріне сүйсінткен. Оның бүгінгі таңдағы көрермендерінің саны 100 миллионнан асып жығылады.
Міне, осы цирк Астана қаласының 14 жыл­­дығына орай, қала әкімдігінің ша­қыруын қабыл алып, елорда жұртшылығы мен қонақтарына 60 минуттық арнайы шоу бағдарламасын әзірлеп келіпті. Осының өзі-ақ небәрі 14 жылдық тарихы бар Астана қаласына аты әлемге мәшһүр цирктің көрсеткен зор ілтипаты деп түсінуге болады. Өйткені бұл цирктің қойылымдары екі-үш жыл алға жос­парланып, әрбір бағдарламасын бірнеше жыл дайындап барып, көрерменге ұсы­натыны мәлім. Сон­дықтан оның әлемнің түрлі қала­ларында жұмыс істейтін өнерпаздары мен қызмет­керлерінің бос уақыты мүлде жоқ деуге болады. Соған қарамастан, цирк басшылығы Астананың шақыруын жерге тастамай, Қазақстан үшін арнайы шоу бағдарлама даярлапты. Оны кеше Астанада өткен баспасөз мәс­лихатында Du Soleil циркінің атқарушы директоры Жак Метэ айтты. «Өкінішке қарай, Астанаға біздің тұрақты шоу бағдарламамызды әкелуге мүмкіндік болмады. Өйткені ол үлкен дайындықты қажет етеді, екінші жағынан, бос уақыт­тары да жоқ. Бірақ біз астаналық көрер­мендер біздің қойы­лымдары­мыздың тым құрығанда бір ширегін көріп, дәмін сезінуі үшін әртіс­терімізден бөлек бір топ жасақтадық. Ал дайындыққа біз үшін мүлде қысқа уақыт 1,5-2 ай ғана мұрсат болғандықтан, әдеттегі 90 минуттық қойылымның орнына 60 минуттық шағын шоу әзірледік», – деді ол баспасөз мәс­лихатында. Ал ол қандай шоу бо­латынын цирктің қоюшы режиссері Вероник Дюссо тарқатты. «Қойылымның басты тақырыбы – Астананың болашағы. Онда қала тұрғындарына жарқын бола­шақтың ға­жайып тіршілік көріністерін та­ныстыратын болашақтан келген бала­лармен кездесу көрінісі қойылады. Шоуды алып шарда өнер көрсететін гимнасттар ашады. Олар секіру, ұшу секілді түрлі өнерлер көрсетеді. Ал қойылымның шыр­қау шегі – мәресі тіпті ғажайып болады», – деген Дюссо ханым бұл көрермен үшін тосын сый екендігін айтып, құпиясын ашпады.
Жак МЕТЭ, Du Soleil циркінің атқарушы директоры:
– Біздің циркте жануарлар мүлде пайдаланылмайды. Біздің басты ерекшеліктеріміздің бірі де – осы. Тек бірен-саран қойылымдарымызда ғана құстар пайдаланылады. Бірақ оның өзі мүлде сирек.

P.S.
Du Soleil циркі бүгін Астананың «Қазақстан» спорт сарайында елорданың туған күніне арналған арнайы шоу бағдарламасын паш етеді. Қызықтан құр қалмаңыз, ағайын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста