«Алаш айнасының» таэквондо турнирі мәресіне жетті

«Алаш айнасының» таэквондо турнирі мәресіне жетті

Алматыда таэквон­додан «Алаш айнасы» газетінің кубоктық додасы өз мәре­сі­не жетті. Таэк­вон­доның WTF тұ­жырымы бойынша өткен бұл додада еліміздің әр ай­мағынан келген 250-ден астам спортшы өз сал­мақ­тарының үздіктерін анық­тады.
Оңтүстік астанамыздың Оқушылар сарайында дүркіреп өткен бұл дода елімізде дарынды таэквондо­шылардың өсіп келе жатқанын дәлелдеп бергендей. Жас та болса көздерінен от шашқан, жеңіске деген жігерлері жасымаған қыз-жігіттеріміздің қай-қайсысын алсақ та, бас жүлдеге лайық болды. Асыра сілтегендігіміз емес, бірақ шынында да қай-қайсысы болмасын, аяқ-қолдарын ауыртып, жекпе-жекті жалғастыруға шамалары жетпей жатса да, татамиді тастап кетуге асықпады. Бәрінің мақ­саты – біреу тек жеңіс еді.
– Қараңызшы, барлығының көзі от шашып тұр. Ешкімнің жеңілгісі келмейді. Құдды бір, әлем чемпионаты немесе Олимпиада ойындарында тебісіп жатқандай. Қолымда болса, бәріне жүлде таратып шығар едім, – деді азғантай үзіліс кезінде турнирдің бас төрешісі Асқар Ноқтабаев.
Иә, Атыраудан ат артып келген төреші асыра сілтеп тұрған жоқ. «Алаш айнасының» додасына қатысқан бұл спорт­шылардың барлығының да жастығына қарамастан, спорттық тұрғыда өз «өмірбаяндары» бар. Мәселен, «Тор­надо» спорт клубындағы Ерлан Жарасов өзі қатысқан соң­ғы халықаралық турнирлердің барлығын да жеңіп келе жатыр екен.
Ал алматылық Төре Исмаилов деген саңлағымыз Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық турнирде қарсылас шақ келтірмепті. Басқа да қыз-жігіттердің жетістіктері өлшеусіз. Осы факторларды ескерген «Алаш айнасы» га­зетінің ұжымы ешкімді де ескерусіз қалдыруды жөн көрмеді. Сөйтіп, дүбірлі доданың соңында жеңімпаздарға да, жеңілгендерге де, барлығына бірдей естелік сыйлықтар үлестірді. Ал турнирге қатысқан жас таланттарымыз бұл доданың дәстүрге айналауына тілек білдіріп тарқасты.
– Осындай турнирді ұйымдастырып, таэквондошылардың басын қосқан ұйымдастырушыларға айтар алғысым зор. «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің жетекшілігімен, «Алаш айнасы» газетінің ұйымдастыруымен бұл турнир болашақта да жалғасын табады деп сенемін. Олим­пиада татамиі таэквондо­шының шыңы дейтін болсақ, мұндай турнирлер бізге сол шыңға жету жолындағы алғашқы баспал­дақтар екені белгілі. Сол баспалдақт­ардан құламай биікке өрлей берейік, деп ізгі тілегін білдірді 63 келіде жеңімпаз атанған алматылық аруымыз Аяулым Баймұхам­бетова.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста