Әкімнің ағасына жер берген шенеуніктер жұмыстан қуылды

Ақмола облысының Есіл ауданында тағы бір сыбайлас жемқорлық әрекеті әшкереленді. Аудандық жер комиссиясына кіретін үш шенеунік бір-бірімен ауыз жаласып, бұрынғы әкімнің ағасына жер бөліп берген. Сол үшін үшеуі де жұмыстан қуылды. Әкім де өз еркімен қызмет орнын босатты, деп хабарлайды "Алаш айнасы" порталы мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы істер жөніндегі агенттіктің облыстық департаментіне сілтеме жасап. Ресми ақпаратқа сәйкес, Есіл ауданы әкімінің орынбасары А.А.Қалмұхамбетов, аудандық инспекция басшысы К.С.Оразалин және кәсіпкерлік пен өндіріс бөлімінің жетекшісі М.К.Рахымбеков конкурстық комиссияда отырған кезде ауданы 348 гектар мен 1459,3 гектар болатын жерді "Шаңырақ-Р" фирмасына бөлу туралы заңсыз шешім шығарған. Соттың арнайы құжаты болмаса да, олар әкімнің атынан қаулы шығарып, жеке меншік фирмаға жерді 10 жылға дейін жалға бөліп берді. Тергеу кезінде "Шаңырақ-Р" фирмасының иесі У.С.Рахметов екені анықталды. Ол Есіл ауданының әкімі К.С.Рахметовтың ағасы болып шықты. Жер комиссиясының шешіміне де әсер еткен осы жәйт.Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы істер жөніндегі агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті бұл мәселені тәртіптік кеңестің отырысында қарап, Қалмұхамбетов, Оразалин мен Рахымбековты жұмыстан шығару туралы шешім қабылдады. Ал Есіл ауданының әкімі де өз еркімен қызметін босатты. Оның орнына Аманбек Қалжанов келді.
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста