Әкімдік "Балқаштағы жарылысқа" қатысты түсінік берді
Әлеуметтік желілерде автомобиль жолындағы жарылыстың салдары көрсетілген видео тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Кадрлар Балқашта түсірілген деп жазылуда. Бұл шындыққа сәйкес келмейді.
Балқаш әкімдігі жарылыс туралы ақпаратты теріске шығарды.
«Балқашта да, оның маңында да жарылыс болған жоқ, қала тыныш», – деді Балқаш әкімінің баспасөз хатшысы Темірлан Игембай.
Видео авторы түсірген жарылыс – бұл жолды реконструкциялау аясындағы жоспарлы жұмыстар.
«Балқаш-Бурылбайтал» автожолының, лот-3, 1955-2005 км бөлігін қайта құру учаскесінде жобаға сәйкес бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілді. Бұл учаскеде жартасты топырақта қазба жұмыстары жүргізілуде», – деп түсіндірді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің баспасөз қызметі.