Аймақтық жеке телеарналар бәсекеге лайық па?

Аймақтық жеке телеарналар бәсекеге лайық па?

Республикалық деңгейдегі біраз телеарна таяуда сандық стандартқа өтіп, еліміздің барлық аймағына дерлік таралу мүм­­кіндігіне ие болған. Осы мүмкіндікке енді аймақтық жекеменшік телеарналар да қол жет­кізгісі келетін сияқты. Алайда талпыну бір басқа да, тиісті талап үдесінен табылу бір басқа екенін ескерсек, олар бұған қаншалықты дайын? Әрі-беріден соң, аймақтық деңгейдегі телеарнаны республикалық ауқымға шығарудың қажеттілігі бар ма? Осы және басқа да түйткілді сауалдар кеше Астанада талқыға түсті.
«Жаңа технологияға көшу барысында аймақтық жеке телеарналарды қалай сақ­тап қалу керек, оның келешегі қалай болмақ?» деген тақырыпта өрбіген дөңге­лек үстелге Байланыс және ақпарат ми­нистр­лігінің, Әділет министрлігінің лауа­зым­ды тұлға­лары, Парламент Сенаты мен Мә­жіліс де­путаттары, жергілікті билік өкіл­дері, отан­дық телеарналардың жетекшілері қатысып, пікір алмасты. Дүрліккен мәселені екі жақ болып шешу үшін бетпе-бет сөйле­суді жөн көріпті.
– Бүгінгі таңда Қазақстанда 40-тан астам аймақтық жеке телеарналар жұмыс жасап келеді екен. Өздерінің студиялары, тұ­рақты ұжымы бар. Олар да өздерін кон­тент өн­діру­шілерміз деп есептейді. Жер­гілік­ті халықтың сенімін алып, өмірін жақ­сарту мақсатында атсалысып жатқан бір­ден бір ақпарат көзі деп санайды. Сон­дық­тан да жаңа технологияның мүмкіндігін пайдала­нуға олар да құқылы.
«Олар мемлекеттік телеарналарға қара­ғанда жергілікті биліктің кемшілігіне әлде­қайда сынмен қарап, жергілікті халықтың жағдайын ойлайтын ақпараттың қайнар көзі болып табылады. Мәселен, Шымкенттегі балалардың СПИД жұқтырғанын тек қана жекеменшік телеарналар айтты. Сондықтан да неге оларды да жаңа технологияның ағымына ілестіріп алмасқа», – деп есептейді «Қазақстан» ұлттық телеарнасының атқару­шы директоры Шолпан Жақсыбаева. Ол жал­пы, әлемде жаңа стандартқа көшу бары­сында нарықтағылардың барлығына тең құқық берілетінін алға тартып отыр. Ендеше, Қазақ­станда да бұл үрдіс көрініс табу керек деп есеп­тейді аймақтық жекеменшік телеар­налар.

               Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Аймақтық телеарналар да сандық жүйеден дәмелі
Не керек, сол үшін аймақтық телеарна­лар­дың тапсырысымен Сорос-Қазақстан қоры жобасы аясында жергілікті телеарна­лар­дың рөлі мен маңыздылығы және олар­ды сандық телевидениеге көшіру жайында сауал­нама жүргізілген екен. Сауалнаманың нәти­жесі бойынша мынадай қорытынды шық­қан: жалпы аймақтық арналарды ха­лық­тың басым көпшілігі көреді екен. Көрер­мендердің үлесі 79 пайыздан асқан. Оның үстіне, жергілікті тұрғындардың жартысынан көбі (52 %) аймақтық телевизияның бағ­дар­ламаларын күн сайын үзбей қарайды. Зерт­теушілер сондай-ақ аймақтық арналар­дың маңыздылығын және жергілікті жердің оқиғаларынан хабар беретін ақпараттық қайнар көз ретінде жоғары бағалаған. Сұ­рал­ғандардың 77 пайызы жергілікті жер­лер­дегі арналардың жабылуына үзілді-кесіл­ді қарсы боп шыққан. Сонымен қоса, жұрт аузынан Семейдегі ТВК-6 телеарнасы, Қос­танайдың ОТРК Алау, Оралдағы ТДК-42 және Шымкенттің Отырар арналары түс­пейтіні байқалған. Сондықтан да халықтың осын­дай сұранысын неге қанағат­тандыр­масқа?
Олар «аймақтық телеарналар бүкіл рес­пуб­ликаға таралмаса да, ең құрығанда, сан­дық жүйенің «құдіретімен» облыс бойына жетсе болғаны» деп сұрап отыр. Себебі ай­мақтық телеарналардың жиілігі төмен бол­ған­дықтан, бұлар қаладан сырт облыстағы елді мекендерге жете бермейді. Сондықтан да «Байланыс және ақпарат министрлігі сан­дық стандартқа көшу барысында аймақ­тық телеарналардың мүддесін ойлап, құқығын шек­темей, сандық стандартқа өткізсе» деген талап қойып отыр.
Министрлік мұны «бос даурығу» дейді
Министрлік бұлардың бұлай даурығуына негіз жоқ деп отыр. Себебі «сандық стандарт­қа кіруде «танысы бардың шансы бар» деген ұғым жоқ» дейді олар. Бұған тек бәсекеге қабі­летті болу керек. Яғни жұрттың сұраны­сы­на ие, рейтингісі жоғары, нарыққа бейім­дел­ген болсаң, онда жаңа технологияға да жол ашық. «Нарықта бәсекеге қабілеттілер ғана өмір сүріп кете алады. Ал сандық стандартқа кіру үшін байқаудан сүрінбей өту керек. Байқау, сөзсіз, әділетті өтеді. Сол үшін арнайы комиссиясы да сайланған. Бірінші мультиплекске көрермендердің зор сұра­нысына ие болғандар, ең қызықты, рейтин­гісі жоғары деген арналар таңдалады. «Бұл таң­дауға аймақтық немесе жаңа телеар­на­ларға қатысуға болмайды» деген шектеу жоқ. Бәрі бірдей қатыса алады», – дейді бай­ланыс және ақпарат вице-министрі Нұ­рай Оразов. Былайша айтқанда, «ескекшің мықты болса, мұхитта да еркін жүзе аласың» деген тәрізді ғой. Оның айтуынша, телеар­на­ларды сандық стандартқа өткізу 2015 жыл­ға дейін жалғасады. Оған дейін әлі талай телеарналар өтуі мүмкін, ол кезде аймақтық телеарналардың да сапасы артып, сұранысы көбейер деген үмітте. «Ал сандық стандартқа өткен, кейін сапасы сұйылып кет­кен телеарналарды комиссия сандық жүйе­ден алып тастай алады», – дейді вице-министр. Вице-министрдің бұл сөзінен кейін «аймақтық телеарналар неге сонша дабыл қақты?» деп ойладық.
Депутат қарсы...
Парламент Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл аймақтық жеке телеарналарды республика деңгейіне шығаруға қарсы. «Олардың басым көпшілігі Ресейдің не шетел­дің арналарын трансляциялайды. Бол­маса, жарнама арқылы ақша табумен айна­лысады. Өз басым ондай арналар­ды республика көлемінде таратуға қарсы­мын. Себебі олардың республика көлемін­дегі көрермендерге сай бағдарламалары жоқ. Олар бізге емес, өздеріне талап қойсын. Шығармашылығы жағынан республикалық деңгейге көтерілсін», – дейді ол. Бұл сөздің де жаны бар. Жоғарыдағы сауалнама көр­сеткендей, жұрттың 49 пайызы «жергілікті арналарда қызықты бағдарламалар жоқ» деп жауап берген. Сондықтан депутаттың ойынша, бұл шектеу емес және сөз бостан­дығы жоқ деген мағынаны білдірмейді. «Се­­бебі кез келген мемлекет ақпарат сала­сындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге құқылы».
Міне, сандық жүйенің «сандығы» ашыл­ған сайын әркімнің дәмесі зорайып, сарқыт күтетін сыңайлы. Алайда бұл «сандықты» қо­қыс жәшігімен шатастыруға болмайтынын да ескеру керек секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста