Әйел аялау үшін жаралған

Әйел деген бәріміздің анамыз, әпке, қарындас, сіңілі, жеңгеміз, келініміз. Құрбымыз, досымыз, жүрегіміз сүйіп, көңіліміз қалап алған асыл жарымыз.

Сондықтан әйел туралы сөз қозғаудың өзі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Біздің бүгінгі сөз еткелі отырғанымыз тек ардақтауға ғана жаратылған, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен асыл аналар туралы болмақ. «Еркек - үйдің иесі, әйел - үйдің шегесі» дейтін сөз бар. Мұндағы мағына ер мен әйел бір-біріне сүйеу бола отырып, толыққанды отбасыны құрайды деген сөз. Өз кезегінде шаңырақ көтеріп, отбасының іргетасын қалау - қай қоғамда, қай заманда, қайсыбір елде болмасын басты құндылық. Сондықтан, әр отбасыны берік ұстап, оның бақытты болуы үшін қажетті қағидаттарды орындау ер адам үшін міндет болмақ. Ал қағидаттар туралы айтар болсақ, барлығы ұлттық дәстүрімізге қайшы келмейтін ұғымдар. Яғни, жан жарыңызды бақыттың биігіне көтеруге қажетті кеңестер. Ендеше ұлы тұлғаларымыз қалдырған осынау ұстаным-кеңестерді әрбір ер адамның біле жүрсе деген оймен таратыңқырап айтқанды жөн деп таптық.

- Жомарттықты әйеліңізге көрсетіп, сараңдықтан аулақ болғаныңыз абзал. Әйелмен алыс беріс болғанда әрдайым «Асыл ердің ішінде, алтын ерлі ат жатар» деген сөзді ұмытпау керек.

- Қандай жағдайда да ер адам сабырды серік ету керек, мәселені қызбалықпен емес, суық ақылға салуды назарда ұстау. «... Қара су есік алды қайық кетер, аңди дас аяғыңды тайып кетер». Өйткені отбасы - ер адам өміріндегі ең үлкен жауапкершіліктің бірі.

- Әйелмен қарым-қатынаста тым жұмсақтық пен қатар аса қатты болуға да болмайды. Қаттылық пен жұмсақтықтың деңгейін тең алып жүрген отағасы қандай елде, қай заманда болмасын өз міндетін сәтті атқарған бақытты еркек болмақ.

- Ер адам басқаның пікірін тыңдай да, қабылдай да білуге тиіс. Сол сияқты өзінің жарын ретін тауып мақтау артық болмайды. Өйткені «әйел адам не істесе де, оны жары үшін және балалары үшін істейді. Оның еңбегін бағалап, қадірін білуді қалайды», - дейді психологтар.

- Әйеліңіз сіздің жаныңызда өзін еш алаңсыз сезінсе сізден бақытты отағасы болмауға тиіс.

- Үйіңізде немесе сыртта жүргенде де әйеліңізге деген жауапкершілігіңізді оған іс-әрекеттеріңіз арқылы сезіндіріп жүріңіз. Сонда оның көңілінде тыныштық, мінезінде сабырлылық орнай бастайды. Қыз күнінде жақсы болған, бірақ отау құрған соң әйелдің өзгеріп кетуі - еркектің әйел алдындағы өз міндетін атқара алмауынан болуы мүмкін.

- Әйел адамның жаратылысы нәзік, сондықтан оны аялауға әр уақытта дайын болыңыз. Онымен қарым-қатынаста өзіңізді барынша байыпты ұстаңыз.

- Әйеліңізге кеңес айтқанда мейілінше жұмсақ сөйлеңіз. Оның кемшіліктерін жұрт алдында бетіне басудан абай болған жөн.

- Әйеліңізге өзіне ұнайтын есімдерімен шақырыңыз. Бұл екеуіңіздің араңыздағы қарым-қатынасты одан да ары жақындатып, бір-бірлеріңізге деген мейірімдеріңізді күшейтеді. Одан бөлек күтпеген жағдайда қуантып тұруды ұмытпаңыз.

- Әйеліңіздің ата-анасын, туған-туыстарын, өз жағыңыздағыларға қарағандай, ерекше қарым-қатынаста болуға, әрі оларды үнемі қолдап отыруға тырысыңыз. Оны өз ата-анасының, бауырларының, туған-туыстарының алдында мақтап, дәрежесін көтеріп те қойыңыз. Одан бір жеріңіз кеміп, не ортайып қалмайды. Бұл сіздің кішілігіңіз бен кісілігіңізді байқатады.

- Әйеліңіздің сырт кескініне мән бере жүріңіз. Ашық-шашық болмауына, әдеп сақтап сөйлеуіне көмектесіңіз. Бұл тарапта Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Әйелін қызғанбаған жан Жәннатқа кірмейді», - дегенін ұмытпаған дұрыс шығар.

- Бүгінгідей қам қарбалас заманда үй шаруасы тек әйелдердің жұмысы деген дұрыс пікір емес. Сондықтан оларға тиісінше үй ішінде көмектесіп тұрған жөн. Үйдің барлық жауапкершілігі әйелдің нәзік иығында жатыр. Оның шаршауы әбден-ақ мүмкін, сондай кездері түсінетініңізді ұқтырып, кей істерін жеңілдетіңіз.

Иә балаларыңызды тәрбиелеу де тек оның ғана міндеті емес, таяқтың бір ұшы сізде. Ертеңгі күні ұрпақтың қуаныш қайғысы екеуіңізге ортақ екенін ойдан шығармау керек.

Жалпы әйел адам отбасында өзін бақытты сезінсе, көңілі тыныш болса, онда ең бастысы отағасы өзінің ер адам ретіндегі жауапкершілігін мүлтіксіз атқаруда деген сөз. Өйткені әйел адам назаланса жеке мүддесі үшін емес, отбасы үшін назаланады. Сондықтан барлық нәрсеге тиянақты көзқараспен қарайтын әйелдер көңілінен тыныштық кетпесін. Ал аналар алаңсыз өмір сүрсе, адамзат алаңсыз өмір сүреді.

Бейсен Сұлтанұлы

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста