Аяз әлсіз болса да, желдің күшін ескермесе болмайды...

Аяз әлсіз болса да, желдің күшін ескермесе болмайды...

Қаңтар-ақпан айларында қыстың қаһары айрықша бола­тындығын бәрі біледі. Осы кезде нағыз үскірік аяз, күшті жел мен боран көптеген қайғы­лы оқиға­лар­ға себеп болып жатады. Сол себепті еліміздің Төтенше жағдай­лар министрлігі қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін барынша сақтауды ескертеді.
Алдағы уақытта ауа райының қолай­сыздығына байланысты бірқатар республи­калық және жергілікті маңызы бар авто­жол­дар тағы да жабылуы мүмкін. Себебі ауа температурасы күрт төмендеп, көктай­ғақ пен боран соғады. Осы уақытта желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін баруы ғажап емес. Негізі, біз көп жағдайда осы желдің жылдамдығына көп көңіл бөлмей, ауа райын тек термометр арқылы ғана анықтап жатамыз. Ол дұрыс емес. Даланың температурасы термометр көрсеткішінен екі есе суық болуы әбден мүмкін. Себебі жел аяздың күшін екі есе күшейте алады. Міне, сол себепті метеоро­лог-мамандар қысқы суықты арнайы ин­декс бойынша анықтайды екен. Оған сәйкес, егер далада желдің жылдамдығы - 3 м/с, ал ауа температурасы -20 градус болса, күннің суықтығы -23 градусқа дейін төмендейді. Ал жел секундына 7-8 метр жылдамдықпен соқса, -40 градус суық болды деп санауға болады. Міне, осыдан-ақ жылдамдығы 25 метрге дейін баратын желдің жойқын күшін елестете беріңіз. Сондықтан алдағы уақытта қазақстандық­тар ауа райын жіті бақылап, қауіпсіздік ере­желерін барынша сақтаса екен дей­міз.
Осы орайда «адам факторы» себеп болатын қайғылы оқиғаларды атап өтпеске болмайды. Ондай жағдай жақында Сол­түс­тік Қазақстан облысы Аққайың ауданы­ның Рублевка ауылында болды. Облыстың Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бір үйдің отағасы 1,5 жас­тағы өз баласын қараусыз қалдырып кеткеннен кейін сәби әкесінің артынан далаға шығып кеткен. Келесі күні оның үсіп қалған өлі денесі көршісінің ауласынан табылды. 1,5 жастағы Рафис үйде әкесімен ғана қалған екен. Кешке қарай ішімдік ішіп алған әкесі көршілерін Жаңа жылмен құт­тықтау үшін шығып кеткен. Жалғыз қалған бала есікті өзі ашып, көрші үйде тұратын әжесіне бармақ болған. Бірақ ол үйдің есігін аша алмай, далада қалып, үсіп өлген. Ал анасы баланы көрші үйде тұратын өз анасы алып кетті деп ойлап, үйде жата бер­ген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста