Аялдама есігін сындырған бұзақы астаналықтардан кешірім сұрады

Елорданың полицей қызметкерлері жылы аялдаманың есігін сындырған бұзақыны тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жылы аялдаманың есігін қиратқан 22 жасар Түркістан облысының азаматы болып шықты.

Ұсталған азамат бұзақылықты ашумен істегенін мойындап, халықтан кешірім сұрады.

«2 қаңтар күні жылы аялдамаға қызым екеуміз жылынуға кіргенбіз. Содан арамызда келіспеушілік болып, қызуқандылыққа бой алдырдым. Сол жерде есікті теуіп сындырып жібердім. Мен Астана халқынан кешірім сұраймын. Келтірілген зардаптардың бәрін қалпына келтіремін», - деді ұсталған азамат.

Еске салсақ, Астана полициясы 2 қаңтар күні А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан жылы аялдаманың есігін теуіп сындырған бұзақы іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста