Ғаламторда елде істі болып, жат жұртқа қашқан олигарх Мұхтар Әблязовқа қатысты қызық видео пайда болды.
Бұрынғы банкир бір кеште ән салып тұр.
Видеодағы көріністерге қарап, бұл оның әйелі Алма Шалабаеваның туған күні екенін аңғарасыз. Әблязов шырқап тұрған ән де әйел адамға арналған. «Вы пропойте, вы пропойте славу женщине моей» дейді ол. Ал оның досы, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы, қазір жазасын өтеуші Мұхтар Жәкішев ән ырғағына тербеліп отыр.
Естеріңізге салсақ, 6 милилиардтан астам долларды жымқырды деп айыпталған соң елден қашқан Әблязов қазір Франция түрмесінде отыр. Бұл елде ол осыдан үш жыл бұрын ұсталған еді. Оны экстрадициялауды Ресей мен Украина сұраған. Ал Астана мен Париж арасында мұндай келісім жасалмағн. Франция болса, Әблязовты әлі ешкімге берген жоқ.