Абдолла Қарсақбаевтың мұражайы ашылды

«Қазақ кино өнерінің Құла­гері», аты аңызға айналған режиссер Абдолла Қарсақбаев биыл 85 жас­қа толып отыр. Осы­ған орай Алматыдағы Абдолла Қарсақ­баев атындағы №41 орта мектеп қабырғасында әйгілі режиссерге арналған мұражай ашылды. Бұл салтанатқа «Қазақ­фильм» акцо­нерлік қоғамының президенті Ермек Аманшаев, киностудияның бас редакторы Дидар Амантай, талантты режис­сер Сатыбалды Нарымбетов, танымал әртістер Нұржұман Ықтымбаев пен Болат Қалым­бетов, Абдолланың ұлы, жас режиссер Тоқтар Қарсақбаев  тағы басқа кино жұлдызда­ры мен өнер қайраткерлері арнайы келіп, мектеп ұжымы мен оқушылары­мен кездесу өткізді.
«Менің атым – Қожа», «Алпамыс мек­теп­­ке барады», «Балалық шаққа саяхат», «Біздің Ғани» тәрізді жауһар туындыларды өмірге әкелген тұлғаның мұражайында түрлі марапат қағаздар мен төсбелгілер, суреттер мен естеліктер, төсек, күлсалғыш, тостақан сияқты тұтынған бұйымдары көрі­­ніс тауыпты. Мұражайдың ашылу сал­танаты өнер жұлдыздарымен кездесуге ұласып, ақыры мектеп оқушыларының концертімен түйінделді. 
«Менің әкеме мұндай жоғары деңгей­дегі шара ұйымдастырылмаған болатын. Есеп үшін емес, шын жүректен жасалған жұмыс екені көрініп тұр. Сондықтан мек­теп ұжымына үлкен алғысымды білдіре­мін», – деді Тоқтар Абдоллаұлы. Шара соңында «Қазақфильм» киностудиясы мәшһүр режиссердің ныспысын иемденген мектепке тарту-таралғысын жасады.   
Ермек АМАНШАЕВ, «Қазақфильм» АҚ президенті:
– Абдолла Қарсақбаевтың есімі қазақ кино өнерінің тарихында алтын әріптермен жазылған. Ол кісі жөнінде көптеген естеліктер жарық көріп жатыр. Біз өз тарапымыздан деректі фильм түсірмек ойымыз бар. Әлбетте, Әбекең жайлы фильмді бір түсірсе, ұлы Тоқтар түсірер деп соған жүктеп отырмыз. Абдолла ағамыздың қазақ киносына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Әлі күнге де­йін халық «Қазақфильм» десе, «Ме­нің атым – Қожа», «Қыз Жібек», «Тақия­лы періште», «Атаманның ақыры» аталады. «Менің атым – Қожа» – уақыт сынына төтеп берген бірегей туынды. Мектеп ішінен Абдолла Қарсақбаевтың мұра­жайының ашылуы – өте қуантар­лық жайт. Аудандық әкімдікке, мектеп ұжы­мына рақмет айтамын. 
Маржан ЕРТАЙҚЫЗЫ, Алатау ауданы әкімінің орынбасары:  
– Алатау ауданында 16 мектеп бар, сол мектептердің ішінде Абдолла Қарсақбаевтың есімін иеленген бұл мектептің орны бірегей. Мектеп осы кісінің атымен аталғандықтан, мұражай­ды дәл осында ашуды жөн деп таптық. Мұражайды толықтыруға өнер майтал­ма­нының туған-туыс, отбасы көп көме­гін тигізді. Бұл мектептің балаларына Қарсақбаевтың өмірі мен шығармашы­лығы жақсы таныс. Бүгінгі кездесудің өзі балаларға үлкен үлгі-өнеге деп есеп­теймін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста